Ақыл мен ырыс

Қазақтың толықсып тұрған заманында бір адамның малы да, бағы да көтеріліп жұрт алдына түседі. Мал да, ақша да көбейіп дәуірлеп тұрғанда, ол бай да, бақытты да, ырысты да атанады. Бір күні ақыл мен ырыс тұрып былайша егеске кіреді: 

Ақыл:

– Бұл байға осынша дәулет, байлық, бақ бәрі де менің арқамда болды, мен болмасам бұл дәулеттің бірі де болмас еді, - дейді. 

Ырыс: 

– Жоқ, мен болмасам, мал мен бақ болмас еді. Мал мен бақ үшін ақылдың керегі жоқ, ырыс болса өзгесі өзі келе береді, - дейді. 

Ақыл:

– Олай болса, байқасалық, - деп, он үш жылдан бері байдың қолында жүрген қойшыға барып қонады. Ақыл кірген соң, малшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері осы байға қызмет етіп келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді, мен сұрағаным да жоқ, неге мен бұлай жүремін, ақы алып өз алдыма іс қылайын деп ойлапты да, кешке келіп байдан ақы сұрайды. 

Бай: «Алда, бейшара-ай, Құдай мұның есіне бірдеңе салған шығар» деп, бірнеше жүз сом, бір ат, арба беріп шығарады. Бұл жылда егін салып, әр уақыт суғарып, жақсы қарағандықтан, ол көп шығып, берекелі болады. Сол мезгілде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болып, астық іздеп жүргенде, әлгі жігітке жолығып, «дос болайық, барлық егінді маған бер» деген соң, «ел алған егін, жер алған тегін» деген еді ғой деп, бар егінін береді. 

Ақыл кеткен соң, баяғы байдың дәулеті азайып, күннен-күнге кейін кетеді. Ырыс ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, сенсіз менің қолымнан түк келмейді, енді бір болайық деп, бұл да жігітке қонады.

А. Пушкин