XV ғасырдың ғұлама ғалымы, шипагер Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баян" атты кітабында «қырық бір ырыс» жайлы жаза кеткен. Бұл туралы естімеген болсаңыз, біле жүріңіздер.
1. Жаратылым – жан ырысы
2. Тіршілік – хан иесі
3. Хан – тақ иесі
4. Тақ – әділдік ырысы
5. Әділдік – нақ ырысы
6. Байлық – сән ырысы
7. Сән – сәулет ырысы
8. Сәулет – дәулет ырысы
9 . Сыйласым – татулық ырысы
10. Тұлпар – батыр ырысы
11. Ынтымақ – бірлік ырысы
12. Қайтпас ер – найза ырысы
13. Ерлік білегі – елдің ырысы
14. Су молдығы – көлдің ырысы
15. Еңбек – дән ырысы
16. Жарасым – береке-бірлік ырысы
17. Өнер – білім ырысы
18. Білім – өнер ырысы
19. Қос босаға – түтін ырысы
20. Әділ би – бүтін ырысы
21. Шілдехана – төр ырысы
22. Кебін – көр ырысы
23. Жаңбыр – жер ырысы
24. Ірге – ай ырысы
25. Жақсы сөз – жан ырысы
26. Шежіре бәйіт – сөз ырысы
27. Ақыл – көздің ырысы
28. Инабат – ізеттілік ырысы
29. Жақсы садақ – жасақ ырысы
30. Қалқан – арашашы ырысы
31. Шөп – мал ырысы
32. От – ел ырысы
33. Су – мал-жан ырысы
34. Ажал – жан алу ырысы
35. Жас – бақыт ырысы
36. Қан – құт ырысы
37. Сыйластық – сенімнің ырысы
38. Шыдамдылық – төзімнің ырысы
39. Тайсалмау – талаптың ырысы
40. Науқас – сырқаттың ырысы
41. Шипагерлік емдеу – айығудың ырысы.