Алғыс жайлы мақал-мәтелдер

Алғыс жайлы мақал-мәтелдер
Фото: gallery.ykt.ru

Қазақстан халқы 1 наурызды алғаш рет Алғыс айту мерекесі ретінде тойлап жатыр. Барлықтарыңызды тұңғыш рет тойланып отырған мерекемен құттықтаймыз.

Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатары сөзсіз. Дана халқымызда алғыс айту туралы мақалдардың өзі бір төбе. Ендеше, «тұсауы жаңа кесілген» мерекелеріңізбен құттықтай отырып, алғыс жайлы қазыналы  тіліміздің қоржынында сақталған мақал-мәтелдерді назарларыңызға ұсынамыз!

***

Алғыс алған арымас, 
Қарғыс алған жарымас.

***

Алғыс алған жігіттің 
аты бәйгеден бірінші келеді.

***

Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.

***

Қағынған қарғыс алар, 
Қарасқан алғыс алар.

***

Сілеу алма, тілеу ал.

***

Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.

***

Қарғыс алма, алғыс ал.

***

Көп дұғасы — көл.

 ***

Қайырымдылық жасасаң, 

Қайырын өзің көресің. 

***

Қарғыстың ең жаманы:
"Өзің білме, білгеннің тілін алма!"

***

Қарғыс алған көктемес.

***

Асыңа тойғызбасаң да, 

Ақ ниетіңе тойғыз. 

О. Сансызбай