Абылай ханның үш арманы

Абылай ханның үш арманы
Фото: Esquire.kz

Бүкіл қазақтың даласына атой салып, жау тигенде Абылай хан бастаған жасақ пен батыр жаудың бетін қайтарып жерді сақтап қалды. Кешегі Керей мен Жәнібектің алтын тұғырын сақтап, қазақ даласының жусанын, бетпақ даланың бетегесін, Арқа мен Алатаудың баурайын, бағын ұстап қала алды. Бұл сол замандағы хандардың ерлігі мен даналығы. Бірақ сіз сол данышпан хан Абылайдың өмірде үш арманы болғанын білесіз бе?! 

Абылай хан хан дүниеден өтер шағында қоштасуға келген Бұқар жырау: «Хан ием, не арманың бар?», – деп сұрайды. сонда Абылай:

«Үш арманым бар еді:

Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым.

Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді.

Үшінші, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті, – деген екен.

М. Ақан