Егеменді еліміздің 26 жылдық мерейтойында сіздерге еліміздің осы жылдар ішіндегі ең ірі халықаралық дәрежедегі жетістіктері туралы айтамыз. Бұл тәуелсіз Қазақстанның мерейі. Саяси-дипломатиялық қатынастардан бөлек, еліміздің жалпы додаларда, халықаралық дәрежедегі жеңістерінің өзі ауыз толтырып айтуға болатын баға жетпес жетістікер деп айтуға болады. ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесі Қазақстан Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшесіне басшы болып тағайындалды. Төрт жыл бойына халықаралық дәрежеде мәдениетаралық қарым-қатынас орнату арқылы еліміз үлкен жеңіске жетті. Бодандық бұғауынан босай салып, араға біраз жыл салып, халықаралық деңгейде басшылық қызмет атқару, мемлекет үшін ұмтылмас кезең. Бұл еркіндік әкелген жеңіс. VII Қысқы Азия ойындары 2011 жыл Қазақстанның спорты үшін үлкен жаңалық болды. Ерен жетістігі тарихта алтын әріптермен жазылатын VII Қысқы Азия ойындары Астана жәна Алматы қалаларында ұйымдастырылды. Білген адам үшін араға жылдар салып ұйымдастырылатын Олимпиада, Универсиада, Азияда сынды спорттық додалардың халықаралық деңгейдегі мәртебесі биік. Ең кереметі Азияда ойындарын қабылдаған Қазақстан төртінші мемлекет. Себебі оған дейін Азияда ойындары Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің уысынан шыға алмаған. Бұл да тарихтың берген сыйы. 550 жылдық мерейтой 2015 жылы елімізде елеулі оқиғалар орын алды. Солардың бірігейі және ірісі ел тарихның 550 жылдық мерейтойының бүкіл республика және ТМД елі арасында тойланып өтуі. Бұлай деуімізге сырттан келген дос, көрші және бауырлас елдерден келген қонақтардың қатысуы. Жыл бойына үлкен сұраныспен аталып өткен мерекенің халыққа берген әсері көп. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихтың тойын жасау елдің жетісті. 25 жылдық тарихы бар мемлекет 2016 жылы еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігінің мерекесі аталып өтті. Бұл мереке кешегі бабалар мен батырлар аңсап өткен ұлы той. Ел ішінде түрлі шарлар ұйымдастырылып, Халықаралық деңгейде Ұлы Жібек жолы атауымен керуен сапары болып өтті. Елдің жетістігі мен нәтижелі еңбегінің қорытынды жұмыстары жасалып,бүкіл ел болып еркіндіктің тойын тойлауға ат салысты. EXPO- 2017 Бүкіл дүниежүзілік мәртебесі бар EXPO-2017 Халықаралық көрменің ұйымдастыру Қазақстанның бағы. Әлемдік картада ойып тұрып орын алатын елімізді еуропа, америка құрлықтары әлі де совет одағының жері деп түсінесе, бұл көрме тәуелсіз елдердің барын және Қазақстанның қандай мәдени ортаны сақтап отырған мемлекет екенін көрсетті. Шет елден ағылып келген жүз мыңдағн қонақтар мен туристер еліміздің тәуелсіз жылдарындағы жетістіктермен танысып, әлемде Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін, әнұраны мен туын, елтаңбасын танып кетті. Абыроймен атқарылған жобадан кейін елдің беделі өскенін атап өткен жөн. Тәуелсіздік алып келген жетістіктер пен жеңістер тоқтамасын!