- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Тәуелсіз Қазақстан Қарулы...
Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу хронологиясы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында: "Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады"— делінген. Бүгін біз сіздерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қызметін айқындап және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу хронологиясямен таныстырамыз.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы 7 мамырда "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлық негізінде алғашқы қорғаныс министрі ретінде генерал-полковник С.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұл күн тарих бетінде Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған күн ретінде қалды. Бүгінде біз 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі құрылымына бірнеше бөлімшелер кіреді: 40 жалпы әскер, авиациялық бөлім, радио және радио барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімдері, Байқоңыр ғарыш айлағындағы базалар, Семей полигоны, Сарышаған, Ембі, Арал теңізі, Барсакелмес аралдарындағы сынақ алаңын жабдықтау, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелерден тұрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан астам әскери қызметкер бар. Олардың қарауында әскери стратегиялық қарулардан басқа 1200 танк пен бронды техника, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақтар болған.
Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық негіз қалаудың маңызы зор болды. Бұл жұмыстарды мақсатты түрде Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігі жүргізді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында дайындалуы шарт еді.
- 1992 жылы 22 қыркүйекте Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы" Заң қабылдады.
- Төрт айдан кейін, 1993 жылы 19 қаңтарда "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" күшіне енді.
- Кейінірек, 1993 жылы 1 ақпанда "Әскери қызметшілердің және олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы" заңы күшіне енді.
- Президенттің 1993 жылы 11 ақпанда бекіткен алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрде дайындалды. Соғыстың алдын алу, қорғаныс қабілеттілігінің жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек ассоциациясының қағидаларына негізделген. Доктринаның ережелері мемлекеттің сыртқы саясаты мен әскери қызметінде кеңінен қолданылды.
1992 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) және 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазақстан қабылдаған шарттар мен келісімдерді, атап өтер болсақ, қаруды шектеу мен қысқарту жөніндегі міндеттерті де бұлжытпай орындап келеді. Орташа және шағын радиусты аймақтарда сыналатын ракеталар келісімшарттарда көрсетілген уақыт ішінде тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері шет мемлекеттермен қарым-қатынастарға ерекше назар аударады. Шет елдермен қарым-қатынастың негізі - шекара бірлігі және бейбітшілік. Алайда, кез-келген елдің өз туы, әнұраны және шекарасы бар сияқты, ешқандай ел Қарулы Күштерсіз өмір сүре алмайды. Қарулы Күштер құрамына құрлық әскерлері, әуе күштері және әуе қорғанысы күштері кіреді.
1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери–теңіз Күштерін құру туралы" Заңы қабылданды.
Флотқа бірінші болып капитан Исламов бастаған сегіз әскери-теңіз офицері қосылды, ал Ақтау порты негізгі база ретінде тағайындалды. 1-шеңді капитан Р.А. Қомратов әскери – теңіз базасының командирі, кейін Әскери–Теңіз күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Ол тұңғыш қазақ контр-адмиралы болды.
1997 жылы 17 қарашада Президент Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды: Жалпы әскери күштер, Әуе қорғанысы күштері және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері.
2000 жылы 10 ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Әскери доктринаны бекітті. Онда әскери қақтығыстардың алдын-алу және келіспеушіліктерді дипломатиялық тәсілдермен шешуге баса назар аударылды. Геосаяси өзгерістер мен түрлі қақтығыстар, сондай-ақ терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, қару-жарақ пен есірткі саудасы сияқты қауіп-қатерлердің көбеюі талқыланды. Бұл сонымен бірге толық экономикалық қауіпсіздік пен әскери қауіпсіздікті қажет етті. Әскери доктрина негізінде, 2000 жылы 7 шілдеде "Әскери реформа тұжырымдамасы" және "Әскери құрылыстың 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы" бекітілді.Қабылданған құжаттар толығымен іске асырылды.
2000 жылдың 7 тамызында Президенттің нұсқауы бойынша жаңа әскери-әкімшілік құрылымды - әскери аймақтарды құру жұмыстары басталды. Қазақстан әскеріндегі бөлімшелердің және құрамалардың жауынгерлік оқулар Ауғанстандағы соғыстың, сондай-ақ өзге аймақтарда болып жатқан соғыстардың негізінде жасақталып, оқыту жұмыстары қатаңдады. Оқу сыныбында өтетін сабақтарды далалық-роталық және батальондық жаттығулар алмастырып, жауынгерлік атыстармен, әр түрлі ауқымдағы командалық-штабтық жаттығулармен толықтырылады.
1994 жылы 14 мамырда Әуе күштері мен Әуе қорғанысы әуе кеңістігін қорғау бойынша жалпыұлттық командалық-штабтық жаттығу өткізді. 115 тамызда Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен гвардиялық гарнизон бөлімдерінің кешенді командалық-штабтық жаттығуы өтті. 1995 жылы 3-7 қыркүйекте Гвардейский аймағында кешенді жазғы тактикалық жаттығулар өтті. Бір жылдан кейін, 1996 жылы 13 қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын және олардың авиациямен өзара байланысын тексеретін жаңа жаттығулар өткізілді.
1998 жылы 28 тамызда Жоғарғы Бас қолбасшының қатысуымен тылды қамтамасыз ету бөлімдерінің кешенді жаттығуы өтті. Жаттығуға қатысушы сарбаздар үлкен дайындыққа екенін дәлелдеді.
2000 жылы сәуірде Қарулы Күштер басқармасы органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің және Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы өтті. Онда терроризмге қарсы операциялар жүргізуде басты шартты жаттығуларды қалыптастыру тәсілдері жасалып, ортақ шешімге келді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған кезінен бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШ) қол қойған елдердің әскерлерімен өзара құрмет пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға үлкен мән берді.
1995 жылы 10 ақпанда "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әуе шабуылынан қорғаныс жөніндегі біріккен жүйесін құру туралы" туралы келісімге қол қою ТМД құрамына кіретін мемлекеттер өмірінде үлкен маңызға ие болды. Осыған сүйене отырып Армения, Беларусь Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина әскери салада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру бойынша нақты шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта ТМД-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бірлескен жауынгерлік миссиялар жүйесін қалпына келтіруге, әуе жағдайлары туралы ақпарат алмасуға қол жеткізді. Кейбір елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы жүйелердің көпшілігі мұндай алмасуды автоматты түрде басқарады, бұл әуе қорғанысы күштері мен құралдарының дайындығын уақытында түзетуге мүмкіндік береді. Әуе қорғанысы әскерлерінің, күштері мен құралдарының бірлескен іс-қимылдары мен жауынгерлік дайындық жүйесі құрылды және дамыды.
Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қарамағына зениттік бөлімшелері аэродинамика және ұшу көрсеткіштері бойынша әлемдегі ең үздіктердің қатарына кіретін МиГ-29, МиГ-31, Су-25, Су-27-мен ұшақтары кіреді.
Бірлескен жаттығулар жауынгерлік қимылдардың тактикалық деңгейдегі дағдыларын жетілдіреді. Басқару органдарының дайындық пен жаттығу жүргізу жөніндегі тәжірибелерін байытады. Сонымен қатар, әскери орталықтар мен әртүрлі ел тұрғындары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың артуына мүмкіндік береді.
Т. Есқали