- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс...
Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?
13 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымын босатып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Қорғаныс министрлігінде Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңес өтті. «Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов мұнда сәтті жұмыс атқарды. Мен қойған тапсырмаларды нақты орындады. Менің Жарлығыммен ол Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Құттықтап, жаңа қызмет орнында сәттілік тілеймін. Бұл лауазымда да жүктелген тапсырмаларды адал және толық орындайтынына сенімдімін. Министрліктегі атқарған жұмысы үшін Иманғали Нұрғалиұлына алғыс білдіріп, оған толайым табыс тілегім келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрі лауазымын 2014 жылғы қазан айынан бастап атқарды. Қорғаныс министрлігінің ресми сайты Тасмағамбетовтың бұл лауазымда қандай іс-шараларымен есте қалғанын еске түсірді.
Әскери техниканы сатып алу мен өндіру
2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштері 4++ үлгідегі су жаңа жоғары маневрлі көп функционалдық екі орындық Су-30СМ жойғышымен, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшағымен, жаңа С-295 әскери-көлік ұшағымен толықты.
Астанада «Арлан» көп мақсатты маневрлі броньды машиналардың, яғни, миналар мен баллистикалық снарядтардан керемет қорғайтын жауынгерлік іс-қимылдардың төтенше маневрлі аспабының іске қосуы ретке келтірілді.
2016 жылғы қаңтардың соңында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға барып, король Абдуллах II ибн әл-Хусейн әл-Хашимимен "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" компания зауытының өнімі – 50 қазақстандық «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасын сату туралы уағдаласты.
2016 жылдың наурызында ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына жол ашты. Аталған жоба әзірленіп, ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда.
Жауынгерлік даярлық 2015 оқу жылы бойынша
ҚР ҚК-де 2208 әртүрлі оқу-жаттығу (оның ішінде, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атулары) өткізілді. 2014 жылы – 1807, бұл алдыңғымен салыстырғанда 18 пайызға көбірек. Олардың ішінде: қарудың әр түрінен практикалық оқ атулар көрсеткіштері 8 пайызға, әуе кемелеріндеші ұшулар сағаты 4 пайызға, корабльді жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтау 12,1 пайызға, әскерлердің далалық шығуы 32,2 пайызға көбірек болды.
Бір жылғы барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша әскерлердің жауынгерлік даярлығының саны мен сапасы 7,2%-ға артты. Барлық оқу-жаттығулар жоспарлы тәртіпте жүргізіледі. Ұлғаюы жауынгерлік даярлық барысының қарқыны және Қарулы Күштерге қойылатын талаптармен байланысты.
2015 жыл еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің кенеттен тексерілуімен ерекшеленді. Бұл тексерулер тексерілген құрамалардың жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін дәйекті бағалауға, бар проблемаларды анықтауға, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауда командирлер мен барлық жеке құрамға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
2016 жыл алғаш рет қолданылған көшпелі отырыстар практикасымен басталды. ҚР Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонында көшпелі алқа отырысын өткізді. Дабыл бойынша Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері көтерілді. Алғаш рет Орталық аппарат әскери қызметшілері жиыннан кейін Астана қ әскери бөлімдері бірінің маңында өрістетілген далалық лагерьге жол тартты.
2016 жылдың ақпанында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» полигонында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. «Айбалта» оқу-жаттығуы әскерлердің далалық машығын арттыру күрделі қысқы жағдайда бөлімдер мен бөлімшелердің толық өрістетіле отырып өткенімен ерекшеленеді. Оқу-жаттығуға барлығы 5 мыңға жуық әскери ықзметші тартылды. Олар қытымыр климаттық жағдайда табандылықтары мен төзімділіктерін көрсете білді.
2016 жылдың сәуірінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өткен «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты. Аталмыш арнайы оқу-жаттығу басқаларынан едәуір ерекшеленеді және жеткілікті айрықша бағытқа ие. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апаттық салдарды бөлшектеуді жүргізеді.
Маңызды іс-шаралар
2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде қазақстандық армия тарихындағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған ең ірі әскерлер парады өткізілді. Бұл парад өткен жылдардағы ең көзтартарғ ауқымды және көп санды болды. Оған еліміздің Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасының рекордтық саны қатысты.
2015 жылы ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов еліміздегі ҚР ҚК әйел әскери қызметшілері арасындағы тұңғыш «Батыр арулар» байқауының басталуына жол ашты. Қатысушылар өтінім берілген сәттен бастап және шешуші кезеңге дейін нәзік жандылар үшін қиын болып келетін әртүрлі кедергілерден өтті.
ҚР Қарулы Күштерінде журналистерге арналған «Әскери дискурс» практикалық семинары алғаш рет бастау алды. Жетекші телеарналардың, радиостанциялардың, республикалық газеттер мен журналдардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері жауынгерлік іс-қимылдар ауданында жұмыс жасауда практикалық дайындықтан өтіп, әскери оқиғаларды жариялау ерекшеліктерін зерделейді. «Әскери дискурс» семинары 4 рет өткізілді. 2 рет «Спасск» оқу-жаттығу орталығында, «Тұйық су» альплагерінде, сондай-ақ, Каспий жағалауында.
2015 жылдың 1 желтоқсанында Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің тарихындағы тұңғыш әскери-тарихи музейі ашылды. Музей қорында ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қазақ халқының әскери тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің нақышын келтіретін сирек кезедесетін және бірегей жәдігерлер бар.
Еліміздің аумағындағы ең ауқымды оқиғалардың бірі IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің өткізілуі болды. 4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің барлық күші мен қуаты көрсетілді.
Биылғы жылы алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігінде офицерлер үшін маңызды рәсім генералдарды запасқа шығарып салу – Жауынгерлік Тумен қоштасу салтанатты рәсімі өткізілді.
ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жаман-Тау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарын пайдалану және жалға алу тәртібі өзгерді. Нәтижесінде пайда қазбаларының кен орындары мен коммуникациялар орналасқан жалға алудан 1,6 млн. га аумақ шығарылып, Қазақстанға берілді.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге үлкен назар аударылды. Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Қазақстандағы алғашқы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті.
2015 жылдан бастап Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Ерлік сабақтары» өткізіле бастады. Оған Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері белсене атсалысады. Ұшқыштар, теңізшілер және өзгелер қатысқан сабақта оқушыларды патриотизмге, елді мақтан тұтуға тәрбиелеу, нағыз патриот пен Отан қорғаушысы бейнесін қалыптастыру туралы әңгімелеп, оларды ел мен өңірдің тарихымен таныстырды.
Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету
2016 жылдың шілдесінде Қазақстанның шығысында Аягөз гарнизонында 90 әскери қызметші мен олардың отбасылары жаңа қоныстойын тойлады. Мұнда күрделі жөндеуден кейін тұрғын үй пайдалануға берілді. Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда қызмет бағытының бірі болып қалуда. Армия халықаралық ойындары
2016 жылы алғаш рет Қазақстан аумағында Армия халықаралық ойындары өтті.
Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық өндірістің «Аселсан» түнгі көру көздеуіштері ұсынылды. Оптика мергендерге түнгі уақытта оқ атуға, сондай-ақ, сайыстың жеке сәттерін түсіруге мүмкіндік берді. Осы жылы алғаш рет тікелей эфирде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ресми сайты арқылы ойындардың көрсетілгені де ерекше болды.
Биылғы жылы Армия халықаралық ойындарының қорытындысы бойынша біз жалпыкомандалық екінші орынды еншіледік. Әлемнің 19 елінің 120 командасы, мыңдаған мықты әскери кәсіпқойлар, жүздеген бірлік әскери техника мен авиация екі апта бойы өз ісінде үздік деген атақ үшін бақ сынасты.
Халықаралық қарым-қатынас
Қорғаныс министрлігі әлемнің 42 елімен серіктестік қарым-қатынас орнатты. 12 елмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасалды. Олардың ішінде Армения, Ресей, Беларусь, Грузия, Израиль, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция.
Әскери ынтымақтастыққа келер болсақ, өткен жылы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері 30-дан аса іс-шараға қатысты.
2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы «Сарышаған» полигоны мен Ресей Федерациясының «Ашулук» полигонында «Жауынгерлік достастық» ТМД ӘШҚҚ әскери-әуе күштері мен әскерлерінің жауынгерлік оқ атуымен оқу-жаттығудың белсенді фазасы өтті.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған 2015 жылғы шілденің 24-і мен тамыздың 1-і аралығында Мәскеуде өткен Әскери-спорттық ойындар да атаулы іс-шараға айналды. Одан басқа, өткен жылдың тамызында Қазақстанда Қорғаныс министрлері Кеңесінің Хатшылығы және ТМД мемлекеттерінің қорғаныс министрліктерімен бірлесе «Достастық жауынгері» әскери техникалық шеберліктің VII байқауы ұйымдастырылды.
Оның үстіне қазақстандық әскерилер «Дала қыраны – 2015», «Өзара іс-қимыл – 2015», «Алтын үкі», «Орталық – 2015», «Қаратау – 2015», «Қабылан жолы – 2015», «Мызғымас бауырластық – 2015», ҰҚШҰ-ның ҰЖДК және т.б. сияқты маңызды халықаралық сайыстарға қатысты.
Қарулы Күштер сержанттар құрамының өзге де елдермен ынтымақтастығы дамуда. Сонымен, ағымдағы жылғы қаңтардың 26-ы мен 30-ы аралығында Астанада ҚР ҚК мен АҚШ ҚК сержанттар құрамының симпозиумы өтті.
Дереккөз: ult.kz
Е. Жұмабайұлы