- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ iс
Ел Президентi жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында да, арнайы Жарлықтарында да құқық қорғау органы жұмысындағы басым бағыттың бiрi қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екендiгiн көрсете отырып, нақты тапсырмалар белгiлеп беруде. Жең ұшынан жалғасқан, қоғам дертiне айналған жемқорлық, басқасын айтпағанда, ұлт қауiпсiздiгiне тiкелей нұқсан келтiруде. Тiптi, мемлекеттiк басқарудың экономикалық, саяси, құқықтық және басқа да салаларына енiп, олардың тиiмдiлiгiнiң артуына зиян келтiруде.
Қоғамды артқа тартатын жемқорлықтың «тамырына балта шабуға» бағытталған жұмыстарды «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетiнiң оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерi нақты түрде жүргiзiп келедi. Олардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi қызметкерлерiнiң қатысуымен конференциялар, «дөңгелек үстел» мәжiлiстерi, пiкiрсайыстар, басқа да тақырыптық iс-шаралар жиi өтiп тұрады.
Арнайы шақырылған қонақтар жемқорлықтың алдын алу, онымен үздiксiз күрес жүргiзу мәселесiнде жастар ұйымдары мен мемлекеттiк ұйымдардың өзара қарым-қатынасының тиiмдi жолдары жайлы айтады. Ортақ iске қатысты озық тәжiрибелер қарастырып, оны жандандыруға, жалпы жемқорлықтың жолдарын кесiп, бiржола тоқтату барысындағы мәселелер туралы өз пiкiрлерiн бiлдiредi. «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетiнiң оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерi тарапынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берiлiп отырады.
Барлық салада сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың белең алып, тамыры тереңдеп бара жатқаны қынжыларлық iс. Қылмыстың мұндай түрiне жол берiлуiне мүмкiндiк жасайтын бiрнеше сипаттамалар келтiре кетсек, олар: қанағатсыздық, пайдакүнемдiк, қызғаныш. Сондай-ақ, мансап қуу, өзiнiң материалдық жағдайын қанағаттандыру үшiн заңды, мораль нормаларын, кәсiби абыройын белден басуға дайын болу.
Ал, өз қызметiн жеке мүддесi үшiн пайдалануға өзiн-өзi дайындау, бұрынғы жоғалтқан материалдық шығындарының орнын қылмыс жасау арқылы толтыру, осындай керi көрiнiстердiң қызметтестерi қол жеткiзген биiк шыңдарға бағытталуы, сонымен қатар, бiлiм алуға, жұмысқа орналасуға кеткен қаржылардың орнын толықтыру. Осының бәрi сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға итермелейтiн факторлар болып табылады.
Белгiлi бiр лауазымды адамдардың өзi қызмет бабын асыра пайдалана отырып, әлгiндей терiс iс-әрекеттерге баратын болса, сөз жоқ, мемлекеттiк билiкке көлеңке түсiредi. Оның бергi жағында заң алдында жауап беруiне тура келедi. Жұртшылық алдында осындай қоғамға жат iс-әрекеттермен өзiнiң жинап-терген беделiн жоғалтқан адам (шенеунiк) кiмге өнеге бола қойсын? Бұл – мәселенiң әлеуметтiк психологиялық бiр ұшы ғана. Ар-ождан алдында жауап берудiң өзi ауыр болса керек.
Қазiргi заң талаптарына сай пара алушылармен қатар пара берушiлер де жазаланады. Әрдайым қызмет бабында терiс әрекеттер жасайтын адамдардың жең ұшымен жалғасып, заңсыз пайда табуға iшi тартып тұруының астарында заңды айналып өту үшiн пара беретiндердiң аярлық әрекеттерi де көрiнбей қалмайды.
Ең бастысы, әр адам өз құқығын қорғай бiлуi керек. Бұл жөнiнде заңнама ережелерi толық айқындалған. Егер әркiм өзiнiң құқығын қорғап, заңға сай әрекет жасайтын болса, кейбiр тойымсыз шенеунiкердiң төрешiлдiгiне қарсы тұрып, алдап-арбауына, әртүрлi қулық-сұмдығына көнбес едi. Өкiнiшке қарай, кейде жекелеген адамдардың өздерi де мұндай терiс iс-әрекеттердiң орын алуына себепкер болып жатады. Сондықтан да құқықтық бiлiктiлiк пен мәдениет, заңды сыйлау – бiрiншi кезекте тұруы тиiс. Ендеше, қазiр қоғамда көп айтылып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ортақ iсi болуға тиiс.
Елбасы алдымызға нақты мiндеттер қойды, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетiнiң оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерiнiң сыбайлас жемқорлық жұмысының алдын алу, олармен күресудiң жаңа стратегиясына сай азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында көрсетiлген бағыттарды жақсы түсiнедi.
Қоғам үшiн жемқорлық қашанда iндет болып саналады. Ал, оны жою – баршамыз үшiн ортақ мiндет. Сонда ғана келеңсiздiктердi түбiрiмен отап тастауға болады.
Жамбыл Орынтаев,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң «Заңтану және халықаралық қатынастар»
факультетiнiң деканы.