Сот жүйесін реформалау ретімен іске асырылуда

Сот жүйесін реформалау ретімен іске асырылуда
Фото: credits-finances.ru

Мемлекетіміздің негізгі стратегиялық мақсаттарына заң үстемдігі мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендік жетістіктерін одан әрі нығайту, ортақ ұлттық мүдделерді қорғау және азаматтық қоғам құру жатады.

Сот әділдігінің сапасына, сот өндірісінің мерзіміне, азаматтардың сот жүйесінің жұмысы жайлы аз хабардар болуына, сот актілерінің толықтай нәтижелі орындалмауына байланысты проблемалар ел алдындағы қазіргі міндеттерді шешу үшін мемлекеттік билік институттарының қызметі мен жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында процессуалдық және материалдық құқықты жетілдіру өзекті болып отырғандығын айқындады. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы 19 қадам заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылды. Бұл бағытта құқықтық мемлекет принциптеріне сәйкес, сот  инстанцияларының міндеттері мен функцияларының аражігі нақты ажыратылып, сот істерінің  әрбір жекелеген жағдайда әділдік пен заңдылыққа кепілдік беретін инстанциялармен жылжу тәртібі ретке келтірілген. Оңтайландыру нәтижесінде ең жоғары кассациялық инстанция ретінде Жоғарғы Соттың рөлі  күшейтілді, сот  инстанцияларының ұйымдық тәуелсіздігі қамтамасыз етілді, сот әділдігін жүзеге асыру сапасы артты. Қоғам мен судьялар корпусы сот әділдігінің үш деңгейлі жүйесіне көшу туралы шешімді оң қабылдады. Келесі қадам судья лауазымына кандидаттарды іріктеу жүйесіне көзқарасты түбегейлі өзгерту, азаматтық қоғамның, экономикалық қарым-қатынас­тардың дамуы судьялардың кәсібилігін арттыру талабын қойды. Соттарға кәсіби және өмірлік тәжрибелі, адал, дайындығы бар кадрлардың келуіне берілетін кепілдік артты. Судьяларды дайындау, іріктеу, кәсіби қызметін бағалау жүйесі өзгерді. Сот билігінің сапалы кадрлармен нығайтылуы бүкіл сот жүйесі жұмысының жақсару әсерін тікелей детерминациялап, уақыт өте келе үдемелі траекториямен көрініс табатын жинақтауышты сипатқа ие болады. 

Бұл бағыт оқыту мен сот практикасының өз­ара байланыстылығын күшейту, іс басындағы судьялардың біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасады. Жоғарғы Сот жанында арнайы академия құрып, оған түсушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Қазақстанның судьялар корпусы үлкен жауапкершілікпен қатар, судьялық лауазыммен байланысты шектеулерді де саналы түрде қабылдаған күрделі судьялық еңбекті таңдаған лайықты кадрлармен толықтырылып отырады. Осы аталған міндеттердің іске асырылуы судья лауазымына заңнаманы білетін, бойында моральдық-этикалық қасиеттері мен өмірлік тәжірибесі бар азаматтарды тағайындауға мүмкіндік береді. 

Жоғарғы Сот жанындағы Қазылар алқасына судьялардың әрекеттеріне азаматтар шағымдана алады. Осы арқылы судьялардың қоғамдық және корпоративішілік есеп беруі күшейеді. Бұл мәселе бойынша судьялардың тәртіптік жауапкершілік институты реформаланып, тәртіптік орган мен судьялардың кәсіби біліктілігін айқындайтын органның өкілеттіктерінің ара-жігі ажыратылды. Тұңғыш рет барлық процестердің жүз пайыздық БТЖ енгізілуде, соттарда даулы сәттерді қадағалауға болатын бөлмелер бар. БТЖ жүйесі сот отырысын өткізудің уақыттылығын анықтауға, оның қолданысы туралы есеп беруге, репликациясына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай шаралар соттарды нақты жұмыс кестесін қадағалауға және процестің үзілуіне жол берген тұлғаларды жазалауға мәжбүрлейді. БТЖ енгізілуі сот жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданумен сапасын жаңа деңгейге ауыстырудағы жалғыз шара емес екендігі сөзсіз. Қазірдің өзінде «Талдау форумы» сараптамалық ақпараттық сервисі жұмыс істейді, барлық деңгейдегі соттар бейнеконференцбайланыс жүйелерімен жарақталуда, ІІМ-мен бірігіп, «Қашықтықтағы сот процесі» жобасы іске асырылуда. Сот жүйесіндегі жүз пайыздық электрондық құжат айналымына бірте-бірте көшу мақсатына кіретін «Төрелік – сот жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесі» енгізілуде. Соттар қажетті техникамен жарақталуда, байланыс және жылдамдық арналарының өткізу қабілеті артуда, сот қызметкерлері мен халықты ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге оқыту процесі жүруде. Осының бәрі сот әділдігінің қол жетімділігі мен ашықтығына қосымша кепілдіктер береді, процестің жосықсыз қатысушылары тарапынан қиянат жасалуына жол бермейді және осының нәтижесінде қоғамның соттарға деген сенімділігін арттырады.        

Алқабилер сотының қызметін дамыту және жетілдіру жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, жеке тұлға, мемлекет және қоғам арасындағы мүдденің теңгерімін орнатуда маңызды құраушы болып табылады. Алқабилер сотының қолданылу саласының кеңейтілуі сотқа сенім артудың күшейтілуіне және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуының қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.  

Реформалардың жетінші бағыты – соттарда айыптау мен қорғау арасында  байланысты қамтамасыз ету. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен сотқа дейінгі қылмыстық сот өндірісінде тұлғалардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделері сақталуын бақылап отыратын жаңа институт – тергеу судьясы енгізілді. Десе де, бұл құқықтық реформаның алғашқы кезеңі. Келесі кезең тергеу судьясының өкілеттіктерін кеңейтуге де, оның процессуалдық қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіруге де бағытталу тиіс. Осы бағыттағы реформалар тереңдеген кезде соттардағы айыптау мен қорғау арасында теңгерім қамтамасыз етіледі. 

Елде инвестициялық даулар бойынша бөлек сот өндірісі құрылды. Бұл бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етуде сот жүйесінің ерекше рөл атқаратындығын көрсетеді. Бүгінде қалыптасып келе жатқан инвестициялық өндіріс үшін өзекті проблема – қарастырылған істерді зерттеу және саралау, инвестициялық дауларды қарастыру практикасы бойынша нормативтік қаулы дайындау мақсатында сот тәжірибесін қорытындылау.

Инвестициялық дауларды қарастырудың арнайы тәртібі мемлекеттің инвесторларға жеке ілтипат көрсетуге кепілдік берілуіне дайынды­ғын көрсетеді. Мұндай даулар Қазақстандағы бүкіл азаматтық істердің жалпы ағысына түс­пейді, олармен астаналық соттың бөлек мамандандырылған құрамы, ал, ірі  инвесторлардың істерімен Жоғарғы Соттың өзі айналысады. Осылайша, қазақстандық, шетелдік инвесторлармен қатар, мемлекеттің де құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеті жүзеге тиімді асырылуда. 

Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру. Шетелдік бизнесмендердің сенімін қамтамасыз ету үшін арнайы құқықтық режим енгізіледі, ал, ХҚО негізінде Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмей, толықтай тәуелсіз болатын дербес сот құрылады. Мұндай жағдай сондай-ақ құрылған халықаралық қаржы орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инвесторларға әдеттегі құқықтық ортада құқықтары мен заңды мүдделерінің барынша қорғалуына кепілдік беруге арналған. 

Үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін ҚР Жоғарғы Соты жанында халықаралық кеңес қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, белді судьялардың, ғалымдар мен құқық қорғау, мемлекеттік және сот басқармасы,  инвестиция­лық, салық, кәсіпкерлік, кеден саласындағы және де құқық, экономика, менеджмент және т.б. ғылымдардың басқа да сала мамандарының арасынан құралады. Судьялық корпус Кеңес мүшелерінен сот әділдігінің халықаралық  стандарттарын қазақстандық соттардың тәжірибесіне одан әрі имплементациялау, норматив шығару қызметі мәселелері, сондай-ақ, нақты инвестициялық даулар бойынша сапалы сараптық қорытындылар алынуын күтеді. 

Реформалардың он бірінші қадамы азаматтық процеске прокурордың  қатысуын түбегейлі азайтуға бағытталған. Мәні мемлекеттің жекеменшік құқықтық қатынастар саласына араласуын қысқарту азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауда соттың рөлін арттыру, сот бақылауының мүмкіндіктерін кеңейту, заманауи азаматтық заңнама идеологиясы азаматтық-құқықтық дауларды сотта шешу кезінде прокурордың қатысу институтын өзгерту қажеттілігін көрсетті.  Бұл, әрине, сот  процедураларының жеңілдетіліп, сот процесінің тездетілуіне әкелері сөзсіз. 

Қорытындылай келгенде, сот жүйесін реформалау шаралары дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексі рейтингінде «соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту – сот жүйесінің тәуелсіздік пен риясыздық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (адами өлшем саласында) тиісті міндеттемесі болып танылған алғашқы отыз елдің қатарына 2020 жылға қарай кіру бойынша стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі проблемалар сот құрылымдарының ұйымдастырылу принциптері мен жұмыстарының әлеуметтік механизмдерінде атап көрсетілген.  Реформаларды іске асыру өзгерістерге жетелейтін ең маңызды, алайды, мұнымен шектелмейтін қадам, елдің сот корпусының алдында сот билігінің тиімділік параметрлерін одан әрі тереңдетіп, кеңейту міндеттері тұр. Мемлекет осы сәтте судьялардың тәуелсіздігі мен судьялар қоғамдастығының беделін нығайту жолында жұмыс істейтін өміршең шаралар бекітіліп, бірқатары іске асырылып үлгерді.  

Венера ТОХТАРБАЕВА,
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының төрайымы 

T. Кіршібаев