Синоптиктер Қазақстандағы шілдедегі ауа райы туралы хабарлады. Мамандардың айтуынша, алдағы айда республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шегінде болады.
"Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты. Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде жауын-шашын аз жауады. Ал республиканың орталығы – Қарағанды облысында және республиканың солтүстігінде – Балқаш көлі, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының жаңбыр жауады", - дейді синоптиктер.
Шілде айының әр онкүндігінде қысқа мерзімді суық ауа ағымдары күтіледі. Бұған Атлант, Скандинавия және Қара теңізден суық және дымқыл ауа массаларының енуі ықпал етеді. Жауын-шашын, қатты жел және ауа температурасының төмендеуі болуы мүмкін.
"Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +7 ... + 12 градусқа дейін төмендейді, күндіз + 17 ... + 23 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік жартысында түнде ауа температурасы + 13 ... + 18 градусқа дейін төмендейді, күндіз +25 ... + 30 градусқа дейін көтеріледі", - деп болжайды мамандар.
"Шілде айындағы ауа температурасы негізінен солтүстік аймақтарында +25 ... + 33 градус, ал оңтүстігінде +30 ... + 35 градус болады. Бірақ Иран мен Орта Азиядан ыстық тропикалық ауаның енуіне байланысты кейбір күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 35-45 градусқа дейін, ал солтүстік жартысында термометрлер 30-38 градусқа дейін көтеріледі", - дейді сарапшылар.
Ауа-райы болжамына сәйкес, 2020 жылдың шілдесі ыстық, "нағыз аптап айы" болады.