Асық түрлері

Асық түрлері

Асық – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз бала мерген, епті, қырағы болсын деген ниетпен асық ойнатады.

Асық ойнап өскен бала садақты жақсы атады. Жаугершілік заманда атта отырып садақ атудың, мерген болудың маңызы зор.

Асықтың түрлері көп. Жануардан алынғанына байланысты. Әдетте, халқымыз қой шарауашылығымен айналысқандықтан, асықтың көбін қой мен ешкіден алған. Алайда арқар мен елік сынды тау аңдарынан алған кездер көп болған. Асық төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады.

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық еркек қой, қошқар мен серке сынды ірі малдан алынады. Негізінде, дала тағысы арқардың асығын сақа ретінде пайдалануға тырысқан. Арқардың асығы қой-ешкінікіне қарағанда ауырлау, үлкен әрі шымыр.

Сақа таңдаудың өзі – өнер. Алыстан атқан кезде асыққа тиген сақа орнында қалып, қалған асықтарды шеңберден шығарып жіберуі тиіс. Сақа – асықтың салмақтысы. Сақаға қорған құю әдеті бар. Сақаны күшейтіп, салмақтырақ ету үшін қажет. Асықтың берекесі де, басшысы да сақа.

Қойлық – қойдың асығы. Қойдың асығын ойлақ деп те атайды. 

Ешкімек – ешкінің асығы.

Кентай – ешкінің ұсақ асығы. Қисықтау, кішкентай келеді. Не сақаға, не хан болуға жарамайды.  

Құлжа – құлжаның асығы, арқардың аталығының асығы. «Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой» дейді халқымыз.

Топай – сиырдың асығы.

Қолқар – арқардың асығы.

Жабайт – еліктің асығы.

Шүкімейт – қозы мен лақтың асығы.

Ата-апа келінінің аяғы ауырлап, босануға таяған кезде асық жинап, ырым етеді. Алайда келін аман-есен босансын, көз тимесін деген ниетпен келінге сездірмейді.

Ер баланың бесігіне көкжалдай айбарлы, айбатты, қайтпас қайсар болсын деген ниетпен қасқырдың асығын байлайды. Ал қыз баланың бесігіне әдемі сұлу қыз болып өссін деп еліктің асығын тағады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Коронавирустан үй жағдайында емделу
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты