Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Салт-дәстүр / Наурызда қойылатын есімдер

Наурызда қойылатын есімдер

Наурызда қойылатын есімдер

Наурыз айы – демалысы мен мейрамы көп мезгіл. Әйелдер мерекесі мен ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының атаулы күндер арасында алатын орны ерекше.

Көктемнің жаршысы мен жанашыры болған Наурыз айы кімге болса да ыстық. Айнала құлпырып, мамыражай көңіл-күй мен қонақжай мейірім орнайтын бұл айды қазақ халқы ерекше құрметтеп, дүниеге келген сәбиге наурызды ырымдап, жақсы ат қоюға тырысқан.

Әсіресе, наурыз мерекесіне қарсы туған балалардың өмірі құт-берекеге толсын деп Наурыз атауымен байланысты есімдер қойған. Наурызды ырымдаудың арқасында болса керек, аты алты алашқа танылған Наурызбай батырдың есімі мәңгі халық жадында қалды. Тарихта наурыз есімімен байланысты тағы бір тұлға бар. Ол – Бату әулетінен шыққан Алтын орданың соңғы билеушісі Наурыз хан.

Наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн», «жылдың басы» деген мағынаны білдіреді.  Халқымыз наурызда дүние есігін ашқан балаларға Наурыз, Наурызбай, Науырызғали, Наурызбек, Наурызмұхамет, Наурызәлі, Наурызбас, Наурызжан, Наурызхан, Наурызмахамбет сынды есімдерді қойған. Кейінгі жылдары қойылған Наурызгерай деген де есім болған. Наурызды қысқаша қайырып «науан» деп те атаған. Наурыз есімін арқалаған жандарды «Науан» деп еркелетіп жатады.

Ал қыз балаларға Наурыз, Наурызбике, Наурызгүл, Наурызек, Науан есімдерін қойған. Көктем мағынасын білдіретін Баһар, Баһаргүл есімдерін де берген.

Наурызгүл дегеніміз – көктемде гүлдейтін өсімдік. Ғылымдағы атауы – примула. Наурызгүл деп әр өңірде әртүрлі гүлдерді атай бергенімен, бұл топқа негізінен бәйшешек пен жауқазын тұқымдастары жатады. Ери бастаған қардың арасынан бірінші болып гүлдейтін гүлді көргенде халқымыз қатты қуанатын болған. Өйткені ол – көктемнің, әз наурыздың жаршысы, суықтан қажыған жұртқа – медеу. Сондықтан халқымыз наурызда дүниеге келген қыз балаға Бәйшешек, Жауқазын деп есім қойған.

Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы, торғай. Ел ішінде наурызкөк, наурыз торғай, жылқышы құс немесе көкқұс аталатын жұдырықтай ғана жыл құсы өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келеді. Оны да ел-жұрт жаздың белгісі ретінде күтіп жүреді.

Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем береді. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады. Ол келген соң күннің суығы сына бастайды, өте бір суық, боранды күндер болмайды.

Қазақстанда Наурыз есімімен аттас ұлдар арасында 1419 адам бар болса, Наурызбай есімімен 2941 адам, Наурызхан есімімен 266 адам, Наурызбек есімімен 3104 адам, Наурызжан есімімен 49 адам, Наурызәлі есімімен 9 адам аттас.

Қыздар арасында Наурызгүл есімімен 110 адам, Наурызбике есімімен 15 адам аттас.

Ал 2019 жылы наурыз айында елімізде дүниеге келген ұл балаларға Әлихан, Айсұлтан, Әмір, Нұрислам, Әлинұр, Ерасыл, Алдияр, Әли, Ислам, Санжар, Ибраһим, Нұрасыл есімдері қойылса, қыз балаларға Медина, Раяна, Айзере, Айша, Айлин, Аяла, Асылым, Әмина, Айару, Кәусар, Айым, Адина, Айкөркем сынды есімдер қойылған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: www.culture.ru
Қосылған күні: 24 ақпан, 11:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.