Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Салт-дәстүр / Жүйрік атты қалай баптайды?

Жүйрік атты қалай баптайды?

Жүйрік атты қалай баптайды?

Ат баптау – атадан қалған асыл өнер. Қазақ халқы «жүйрікте де жүйрік бар, бабына қарай жүгірер», «ат шаппайды, бап шабады», «бақ шаппайды, бап шабады», деп жүйрік атты баптаудың қаншалықты маңызды екендігін айтқан. Олай болса ат баптау өнеріне қатысты Бекен Қайратұлының «Қазақтың атбегілік өнері» кітабынан үзінді ұсынғанды жөн санап отырмыз.

• Тер буып бабы бұзылған жағдайда жүйріктің жүні жығылып түсі шаңбозаң тартып, тер ақпай қиналады. Бұны кейде «жел тиді» деп те айтады. Бұндай күйге түскен жүйрікті қинап терлетеді де, тері шыққан соң арнайы орнатылған шатырға кіргізіп (жел тимес үшін) терін қырғышпен сыпырады. Бірақ бұл орайда, табиғи түрде тері аз шығатын аттар да болатынын білген жөн. Бұндай жылқыларды қинамау керек. Терін алған соң 3-4 күн қатарынан еңіс жерге қинамай шаптырып, бабына келтіреді.

• Тынысы ашылмай қиналған жылқыны бабына келтіру үшін (табиғи тынысын ашу үшін) 3-4 күн қатарынан еңіске салып, өзінің ығымен ешбір қинамай шаптырған дұрыс. Сонда ғана өкпесі кеңіп, тыныс жолдары ашылып, терісі кеңейеді.

• Баптау барысында кермеде ұзақ байланған жылқы кей жағдайда жалығатын жайттар да болады. Оның белгісі жайылымы мен бабы жап-жақсы бола тұра үлкен-кіші қара жарыстарда ашылып шаппай қояды. Бұндай күйге түскен жылқыны кешкі апақ-сапақта 10-15 шақырым қашықтыққа есер жылқымен қосарлап шаптырып, жалыққан сезімін арылтады. Жалығудан арылған жылқы сол сәтте, яғни, іңір шабыс үстінде түзеледі.

• Жалыққан жүйрікті бабына келтіру үшін: жақын маңдағы биік тау немесе төбеге жетелеп шығарады немесе қара жұмысқа жегілген шабан аттармен арнайы жарыстырып, әдейі оздырып, жарыс барысында жан-жақтан қиқулап делебесін қоздырады.

• Кермеде тұрған жерінде иісі көңіл сергітетін арша секілді өсімдіктерді жел жақтан тұтатып иіскетеді. Сондай-ақ, жылқыға жайлы сазды үндер тыңдатқан дұрыс. Одан болмаса, үйренген үйіріне 2-3 тәулік жіберіп, қайта ұстаған жағдайда сөз жоқ жалығудан арылады.

• Байланған жүйріктің іші қатып қалатын оқиғалар жиі кездесіп тұрады. Іші қатып қалған жылқыны қара жарысқа жіберіп, шауып келген күні таң асырады да, сиыр сәскенің кезінде бір шақырым қашықтыққа жайлап қосаяқ шабыспен жүргізеді.

• Қоңы толық күйінде байланған жылқыны тез арыту үшін жем-шөпті тым қысып беруден іш түйілу пайда болады. Ішегі түйілген жылқыны дереу босатып, үйірге жібереді де, бір аптадан соң қайта ұстап, 2 күн қатарынан жеңіл жарыстарға салады.

• Дәрумен кеміс болуы және әртүрлі физиологиялық ауытқудың әсерінен тер буған жылқыны 2 күн қатарынан ащылатып (тұз жалатып) кешке қарай тымық ауада терлетеді.

• Баптау кезінде ширығып бой жинамаған жылқыны кешкі іңірде, яғни, апақ-сапақта жабулап терін алып, одан кейін ақырын жетелеп жүргізіп көріп, кермеден алыстау жерге жалғыз өзін бос жібереді.

• Жем-шөпті шектен тыс қысып беруден жүйрік езеуреп, жүрегі қарайып әлсізденеді. Оны емдеудің жолы сиырдың жас тезегін сұйық майға араластырып жұтқызады.

• Байланған жүйріктердің іші тартылмай қиналады. Жем-шөп жемей алаңдаушылық пайда болады. Әлсін-әлсін тышқақтайды. Бұл баптау барысында жіберген қателіктен болуы себепті бабын жөндеу үшін қойдың көңіне байлап, ақ ырғай, ұшқат тәрізді өсімдіктің түтініне ұстайды.

• Қара жарыстарда суырылып үздік келіп тұрған жүйрік кенет шаппай қалады. Оның сыртында құлағының түбінен тер ағып теңселіп тұрады. Бұндай күйге түскен жылқыны «делбе тиген» дейді. Бұдан арылту үшін: бір дүркін жақын маңға шаптырып алып, қандауыр арқылы қос қабағының артқы тамырынан 200 грамм (әрқайсысынан 100 грамм) шамасында қан алады. Одан кейін саумал берген оңды.

• Қара жарыс кезінде дұрыс суытпағандықтан жүйріктің аяғына қан түседі. Бұндай жағдайда жүйріктің алдыңғы екі аяғының тұсарлық тамырынан қан шығарады. Қан шыққан тұсты түтін сіңген құрым киізбен орап байлайды да, тұзды қара шаймен сылайды. Одан кейін бір апта жұлдыз туғаннан бастап, соңғы жұлдыз сөнгенге дейін түні бойы жетектеген дұрыс.

• Жүйріктің қабақ үстіндегі шұңқыры суалып, көз қабаты шығыршықтанса бұл бабы тайып, болдыра бастағанының белгісі. Жылқыны қалпына келтіру үшін қойдың сүтін (күшпен) ішкізеді.

• Жүйріктің күнделікті ішіп жүрген суы жақпай, бабы бұзылған жағдайда (тезегі сұйылу, тышқақтау) оны қатты шөлдетіп, ауыздығын алмай дамыл-дамыл (шөлін қандырмай) суарған дұрыс. Сонымен қатар, қалақайдан (шақпашөп) қоймалжың сұйық жасап ішкізу керек және көзіне май жаққан тиімді.

• Жүйрікті баптау кезінде жылқының ішкі организімінде өзгерістер орын алып, салмақ түсетіндіктін бауыры зақымданады. Оның белгісі жылқының танауынан шырыш сияқты қою сұйық ағады. Бұндай жағдайда жұпар жаңғағының күлін жегізеді.

• Жеген шөбі жақпайтын жағдай болады. Ондай күйге түскен жүйрікті толық ашықтырып, қышқыл шөпке жайылтқан дұрыс немесе тек изен жегізіп әбден шөл қысқанда суарады.

Жалғасы бар...

 Дереккөз:argymaq.kz

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 28 қараша 2015, 09:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.