Құсбегілік – бекзада өнер

Құсбегілік – бекзада өнер
Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы

Қазақты жер бетіндегі өзге ұлттар мен ұлыстардан ерекшелендіріп тұратын бекзада өнердің бірі – құсбегілік.

Тарихы мыңдаған жылға созылған бұл өнерді ермек еткен құсбегілер қасқыр, түлкі, борсық пен сусарды олардың терісінен ішік, бөрік, тұмақ жасау үшін ауласа, ал күнделікті ас-ауқат әзірлеуде тауешкі, арқар, бөкен мен қоянға бүркіт салған.

02

Сондықтан бұл өнер қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде күнкөрістің қайнар көзі болғаны анық. Алматы облысы Нұра ауылы маңында өткен бүркітшілердің кезекті бір сайысына қатысқан «National Geographic Қазақстан» журналының фототілшісі осы киелі өнерді насихаттаушыларды суретке түсіріп қайтқан еді.

03

Аушы құсты қолға ұстап білу, үйрету, баулып аңға салу көлденең өткен көк аттыға жолыға бермейтін, әркімнің пешенесіне жазылмаған қадірлі де, қасиетті құбылыс болса керек.

04

01

05

06

07

Дереккөз: nationalgeographic.kz

Г. Берік