- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Шағын несиелендіру бойынша...
Шағын несиелендіру бойынша 1,9 миллиард теңгеге 320 шарт жасалды
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір шағын несие беру сызбасына екінші деңгейдегі жеті банк және екі шағын қаржы беру ұйымы қатысып жатыр.
2018 жылы шағын несие беруге бөлінген қаржының жалпы сомасы – 17 миллиард теңге. Қазіргі уақытта 11,1 миллиард теңге игерілген, сондай-ақ 1 042 жоба қаржыландырылған.
«2018 жылғы 1 қаңтардағы салық органдарының есебіне сәйкес, 2017 жылы шағын несие алған бағдарлама қатысушылары 7,6 миллиард теңгеге өнім шығарды, шамамен 1 000-ға жуық жұмыс орнын құрып, сақтап қалды, сонымен қатар бюджетке 299 миллион теңге салық төленді. Биылғы қорытынды бойынша бизнестің салық есебі бағаланып, яғни экономикадағы бюджет қаражаты толық қолданылғаннан кейін, тиімділік көрсеткіштерінің айтарлықтай артпақ», — дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Қарыз алушылардың басым бөлігі экономиканың сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсібі және құрылыс салаларында қызмет етеді. Шағын несиелерді кепілдендіру бойынша 2018 жылы 1,9 миллиард теңгеге 320 шарт жасалған. Іс жүзінде әр үшінші қарызға кепілдік ұсынылған.
Massaget.kz