Қазіргі таңда елімізде жаппай үлкен қолданысқа ие болып, әр аймақта қолдау тауып жатқан елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. Себебі мақаланың мәні мен беретін ойы, міндеттері әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды.
Елбасының осы мақаласында баса назар аударатын тұсы бар. Ол «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» тараушасындағы айтылған ойлар сіз бен бізді ойландыру керек: «Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
Иә қазір тарихқа үңіліп, артымызға қарап сабақ алып, әрбір істен сын мен мін іздемей, керісінше алдыға ұмтылуға, жаһандық өзгеріске ілесу керек. Ол үшін бойымыздағы қалып қойған түрлі стереотиптік әдеттерден арылу, қиялдағы өмірді аңсауды емес, бар дүниені шынайы көзбен қарап отырып, әрекет етуге көшу маңызды.
Революция жасау өткеннің түсінігінде қалған ұғым. Себебі алып әрі тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет бола отырып, түрлі араздық тудыру – ақымақтық. Бізге тек алға ұмтылу керек. Әрине «алға!» деп ұрандаудан бірдеңе шықпайды. Эволюцияға еру, даму үшін төмендегі бірнеше ұсыныстарды әрбір қазақстан азаматы түсіне білу керек:
1. Қазақстанды сандық технология алып келу үшін, IT саласын жетік меңгеру;
2. ХХІ ғасырға ілесе отырып, ақпаратты дұрыс қабылдай білу және дұрыс жеткізге білу қабілетін дамыту керек;
3. Халықаралық үлкен сахнаға көтерілу үшін ұлттық бояу бар бұйымдар, жобалар, идеялар, Қазақстандық бренд болатын кез келген еңбекті алға тарту және оған мемлекеттік көмектің болуы абзал;
4. Ғылым мен білімнің салтанат құруына байланысты, тек оқу емес тәжірибені де қатар ала жүріп, шет елге барып оқуға, көзқарас өзгертуге, елге еңбек сіңіруге талпыну керек;
5. Әрбір сала маманы өз қалауымен және бар күш-жігерін сала отырып, сол мамандықтың ақсап тұрған жерін түзеуге бара алатындай білікті болуы маңызды;