- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Референдум бойынша EXIT-POLL-дың...
Референдум бойынша EXIT-POLL-дың алғашқы деректері шықты
EXIT-POLL-дың алғашқы деректеріне сүйенсек, референдумға дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың 70,1 пайызы қатысқан. Олардың 74,8 пайызы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым деп жауап берген.
Бұл деректерді "Қоғамдық пікір" институты ұсынды. Қоғамдық институт 24 мың азаматтан республикалық референдум туралы сауалнама алған. Қала, облыс орталығы мен шағын қала, ауылды жердің тұрғындарынан сауалнама алынды.
Сауалнама 600 сайлау учаскесінде өткізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында.
Респонденттерге "Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе, айтыңызшы?" деген бір ғана сұрақ қойылған. Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берген.
Экзитпол нәтижелері бойынша референдумға қатысушылар үлесі 70,1%-ды құрады.
Қ. Слямбек"Бұл жолғы референдум қорытындысын шығаруда ерекшеліктер бар. Себебі Exit-poll нәтижелерін шығаруда бірнеше компания жұмыс істеді. Сондықтан олардың зерттеу жұмыстары да әртүрлі болды", - деп пікір білдірді сарапшы Рамазан Саттарұлы.