- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Президент Назарбаев қалай...
Президент Назарбаев қалай жұмыс істеу керегін айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында өзін қалай тонуста болуын және белсенді ұстайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер саған жұмысың ұнаса және сен өз жұмысыңды жақсы көретін болсаң, жұмыс істемегендей істейсің. Қызметке жеңіл келіп, өзіңдікін жасап, кету керек. Мұны жүктеме не қиындық тағы басқа деп қабылдамау қажет. (...) Жұмыс өзіңді тонуста ұстауға көмектеседі, яғни бұл тонусты өзің ұстауың қажет. Өткізіп алмай, әрдайым биікте болу керек, барлығы алда дегендей. Бұл осындай үлес - президент беріліп жұмыс істеуі қажет. Ұшу, сапарлау, келіссөздер, кездесулер, шешім қабылдау және барлығына да жауапкершілікпен қарау", - деді президент.
Назарбаевтың айтуынша, Президенттің жұмысында денсаулық қажет.
"Егер 85 пайыз адамның өзіне байланысты болса, қалған 15 - медицинаға, әрдайым күтіну қажет. Президентке тек бүкіл әлем ғана емес, ең бастысы - өзіңнің халқың басқалардың арасында қалай тұрғаныңды байқап тұрады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, ол өткен өмірде ненің шынықтырғаны жайлы айтып берді.
"Мен ауылда өстім, шаруаның баласымын, жастайымнан ата-анама көмектесуге тура келді. Кейін металлург болып қызмет еттім, онда үш ауысымнан тұратын ауыр күндерді бастан кешірдім, шамамен 7-8 жыл. Университеттен соң инженерлік жұмысқа орналастым. Бұл қиын жұмыс, физикалық күшті талап етеді, күн мен түннің ауыр ауысымы. Соған қарамастан, өзіме қарауға тырысамын. Барлық қырынан", - деді мемлекет басшысы.
Massaget.kz