- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Парламент Астананы Нұрсұлтан...
Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады
Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы заңды қабылдады.
"Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ел президенті атанған соң, Астана қаласын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған еді.
Астана атауы референдумсыз өзгеруі мүмкін, - деп хабарланған еді бұған дейін.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес үкімет Республика Президентіне Астана атауын өзгерту туралы Конституцияға түзетулер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Конституциялық кеңес бұл мәселе бойынша оң қорытынды жасады", - деп мәлімдеген болатын Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Нұрлан Нығматулин.