Бүкіл әлем ақылынан адасты ма дерсің? Қытайдың Ухань қаласынан шыққан вирус әлемдік экономикаға әсерін тигізбей қоймады, денсаулық сақтау жүйесі де оның алдында дағдарып қалды. Бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді жаулап алды.
Біреулер келемеж жасап әуре болса, біреулер дүкендердің сөрелерін босатып жанталасуда. Ал дәрігерлер өз тарапынан бетпердемен жүруді, қолды жиі жууды және халық көптеп жиналатын жерлерде болмауды ұсынады. Мұның бәрі дұрыс айтылған сақтық шаралары және оларды ұстанған маңызды.
Вирус тоқтағанша, өз денсаулығыңды сақтау үшін тағы не істеу керек? Ол үшін соңғы 10 жылда барынша дамыған цифрлық технологиялар мүмкіншілігін пайдалану қажет!
Өмір жалғасуда, сондықтан біз бұрынғыдай қызметтерді пайдаланамыз, тауарлар сатып аламыз, демек қаражат қажет болады. Дәл осы тұста АТФБанктің клиенттері қытайлық вирусты ғана емес, басқа да кез келген респираторлық вирус инфекциясын жұқтыру қаупінен өзін қорғай алатын бірнеше қосымша тәсілді пайдалана алады.
1-тәсіл – ATF24 интернет банкингі. Осы банктік қызметті барынша пайдаланып қалатын кез келді, енді Сізге банктің бөлімшесіне келудің қажеті жоқ. Банктің бөлімшелері де дүкендер мен қоғамдық көліктер сияқты көпшілік орын болып табылады, ендеше олар аулақ жүру ұсынылатын қауіптілігі жоғары аймақтарға жатады. ATF24 арқылы барлық қажетті төлемдер мен аударымдарды қашықтықтан және тәулік бойғы режимде жасауға болады. Қаласаңыз, үйде отырып пайдаланыңыз, қаласаңыз, таза ауада серуендеп жүріп саябақта пайдаланыңыз, ең бастысы – бұл Сіз үшін қауіпсіз жерде.
2-тәсіл – қолма-қол ақшасыз және контактісіз төлем. Қағаз ақша көп қолдан өтеді, сондықтан инфекциялық ауруларды таратуы мүмкін. Қазіргі таңда банктік картамен және смартфондармен төлеу ең қауіпсіз тәсіл болып саналады! Бұл үшін АТФБанктің клиенттері Samsung Pay және Apple Pay, сондай-ақ Android смартфондарына арналған ATF Pay сервистері арқылы мобильдік төлемдерді пайдалана алады. Вертикалды карта бойынша 5%-ға дейін кэшбэк төленеді – ал бұл тағы бір жағымды бонус!
3-тәсіл – көтеріңкі көңіл-күйде болу. Шынында да солай! Біздің ішкі жан-дүниеміз өміріміздің сапасы үшін жауап береді деген сенім бар. Жетістіктер мен табыстар бізге көмектеседі және ынталандырады, сондықтан ATF24 пайдаланушылары мобильдік қолданба арқылы өз қаражатын ойнап отырып басқара алады. Қолданба міндеттер қояды, ал пайдаланушы оларды орындайды да өзінің «үздік жетістіктері» үшін «таңбашалар» түрінде марапатқа ие болады. Мұнда миллионер де, демеуші де, сәнқұмар да, гурман да атануға болады. Ең белсенді пайдаланушылардың көңіл-күйін АТФБанктің бағалы жүлделері де көтеруі мүмкін!
Өмірде сан қилы оқиғалар болып жатады, бастысы – рухани құндылықты түсірмеу, сонда бәрі жақсы болады!
Серіктес материалы