- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Нұр-Сұлтан күні құтты...
Нұр-Сұлтан күні құтты болсын
Елорда сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Бүгінгі бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының астанасы күні 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.
1997 жылы қазанның 20-сында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылы 23 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді.
©google.com
Кеше ҚР Президенті қала күніне орай мерекелік шаралардың ашылу салтанатында: "Қазақстанның туы жоғары әуелеп көтерілгенде жүрегімізді тәуелсіз еліміздің барлық жетістігіне деген мақтаныш сезімі баурап алады. Бас қаламыз қалыптасқан сәттен бастап, дамудың қазақстандық үлгісінің айқын жетістікке жеткенін көрсетіп келеді. Қазіргі күрделі жаһандық ахуалда біздің ер азаматтарымыз түрлі шиеленіс ошақтарына барып, бітімгерлік миссиясын абыроймен атқаруда. Білікті әскери қызметкер адамгершілік құндылықтарын биік ұстайтын, темірдей тәртіпті сақтайтын, табанды еңбек ететін адам болуы тиіс. Қазақстанның қауіпсіздігі – Сіздердің сапалы жұмыстарыңызға тікелей байланысты", – деді. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қатысушыларды келе жатқан Елорда күнімен құттықтап, Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Қызықты мәліметтер
1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын "Бейбітшілік қаласы" деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Нұр-Сұлтан жоғары атақты иеленді. Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан. Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.
Т. Раушанұлы