- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Немістер еліміздегі киіктердің...
Немістер еліміздегі киіктердің қырылуына қатысты фильм түсірді
Неміс журналистері мен Франкфурт зоологиялық қоғамының (FSZ) зенрттеушілері Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуы туралы интерактивті деректі фильм жасады.
2015 жылы Бетпақдаладағы киіктер өсіп-өнуі жаппай қырылуын ғалымдар әлі күнге дейін анықтауға тырысуда, сол үшін «Saigas in distress» (Киіктер қырылуы) фильмінің авторлары Қызыл кітапқа енгізілген жануардың мекен ететін жерлерін аралаған.
Интерактивті деректі фильмді мына жерден көруге болады.
Өткен жылы мамыр айында киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылуына қатысты түрлі пікірлер, болжамдар айтылды. Киіктерді сақтау альянсы (SСA) өз қорытындысын жануарлар ұрпақ өрбітетін, әрі барынша әлсірейтін маусымда яғни көктемде жариялап отыр. Өлексе тіндердің биоүлгілерін зерттеген бірқатар зерттеу 2015 жылы киіктердің жаппай қырылуына себеп пастереллёз - Pasteurella multocida екенін анықтады.
Бұл қоздырғыш әдетте ақбөкеннің тыныс жолдарында зиянын тигізбей өмір сүре береді. Алайда осы жолы бактерия бақылаудан шығып кеткен. Бұл шөпқоректі жануарлар арасында уақыт өте келе болатыны белгілі, бірақ өлім-жітім 100 пайызға еш уақытта жетпеген. Қазір ғалымдар пастереллёздің осыншалықты қырылуға қалайша алып келгенін анықтауға тырысуда.
Өткен жылы киіктер жаппай қырылғанға дейін олардың жаһандық популяциясы 262 000 шамасында болды. Қазіргі уақытта олардың саны кеміген 100 мыңға жетпейді.
Еске сала кетсек, 2015 жылы мамыр айының ортасында елімізде киіктер қырылды.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы