- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Мұхтар Мағауин: қазаққа...
Мұхтар Мағауин: қазаққа не керек?
Бүгін 78 жасқа толып отырған жазушы – Мұхтар Мағауиннің еңбектері, шығармалары халық арасында кеңінен таралып, оқылып жүргені белгілі. Қазіргі кезде шет елде тұрып жатқан жазушының шығармашылық жолы тоқырап қалған жоқ. Бірнеше еңбектерін жазып әрі ұсынып үлгерді.
М. Мағауин Шыңғысхан жайлы не дейді?
«Шыңғысхан туралы неше мың кітаптар мен еңбектер жазылды. Жүздеген кітаптар да жазылған. Ағылшын да, неміс, француз арысы қытай мен жапон да жазды. Әркім өзіне тартып отыр. Ал қазір орыстар «Шыңғысхан славян болған деп» жаңалық ашты. Ал шын мұрагері біз, ұрпағы одан қашып жүрміз».
Тіл мәселесі халықтың өзінің қолындағы нәрсе
«Сенің тіліңе ешкім тыйым салып отырған жоқ. Үйде балаңмен қазақша сөйлеспе, балаңды қазақша мектепке берме деп отырған жоқ, тіпті өзара қазақ тілінде сөйлеспе деп отырған жоқ. Яғни тіл мәселесі халықтың өзінің қолындағы мәселе».
Қазаққа не керек?
«Тұрмыс керек. Халықтың әл-ауқаты жақсару керек. Басқасын қойған кезде моральдық жағынан өсу керек. Ең бастысы қазақ көбею керек».
Жазушының бұл елге келген кезде айтқан сөздері. Тек сүбелі сөз емес, қаламынан туған әңгімелері де адам жанының шуағы секілді. Мұхтар Мағауиннің "Көк кептер" атты шағын әңгімесін де оқи отырыңыз.
М. Ақан