- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Мемлекет пен қоғам...
Мемлекет пен қоғам – жемқорлыққа қарсы күрестің біріккен күші
Елбасымыздың "100 нақты қадам" стратегиясын халыққа насихаттау жұмысын оның 13-қадамымен жалғастыруды жөн көрдік.
13-қадам жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құруды көздейді.
Елбасы тарапынан: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы қимыл жасауға бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін" - деп көрсетілген болатын.
Осы жемқорлықты болдырмау туралы құқықтық насихат жұмысын одан әрі жалғастырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күресті кушейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен ретілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы Жарлығы шыққан еді.
Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгіленді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жыл сайынғы осы салалардағы жұмыстардың қорытындысымен алдағы уақытқа арналған нақты ұсыныстарды қамтитын Ұлттық баяндама әзірлеу сияқты кешенді заманауи алдын алу шаралары анықталды.
Бұл шындығында аса актуалды мәселе, сол себепті дәл осы күрестің маңызы басым. Мәселенің алдын алу күн тәртібіндегі басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық арқылы құқық бұзушылық сияқты қоғамдағы тәртәпсәз қылықты жойып, жоқ қылуға бағытталған көптеген іс-шаралар жасалып, жүзеге асырылып жатыр.
Тарихта Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қалыптасуын үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қатарынан 7 мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды.
Біз өз елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген іс-шараларды жолға қоя отырып, қоғамға кесірін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық сияқты кеселдің орын алуына жол бермейміз.
Жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, аталған стратегияның негізгі міндеттері ретінде мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; қоғамдық бақылау институтын енгізу; квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; халықаралық ынтымақтастықты дамыту айқындалды.
Мемлекеттік органдармен басқармаларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында халыққа құқықтық насихат жұмысын жүргізіп, халықты ҚР Заңдарымен олардың нормаларымен азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын жандандырып, шараларды іс жүзінде жүзеге асырайық.
Басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тарапынан елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмауымыз керек.
Президентіміз айтқандай: "Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек".
Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі қалыптасты. Енді оны одан әрі жетілдіру мен мұндай келеңсіз жат әдеттерге жол бермеу ел боламын деген кез келген қазақстанның міндеті әрі парызы. Белсенді азаматтық ұстаным сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға қол жеткізуге ықпал етеді. Осылайша, қазақстандық қоғамның түрлі топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту бойынша белсенді жұмыс жасау осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін күшейтеді және арттырады.
А. Оралқызы