ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға байқау жариялайды.
Байқауға кез келген адам қатыса алады. «Мәңгілік ел» идеясын бір қарағанда паш ететін логотипті таңдау бір айға созылмақ. Жұмыстар 2016 жылдың 1 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында қабылданады, ең үздігіне 3 000 000 теңге сыйлық беріледі.
Байқау жеңімпазын анықтау жөніндегі шешім қарапайым көпшіліктің дауысымен анықталады. Дауыстар тең түскен жағдайда шешуші дауыс Байқау комиссиясы төрағасына тиесілі болады.
Ережемен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz сайтында танысуға болады.
Байқау материалдары me_logo@mail.ru электронды поштасына жолданады.
Байқау ережесімен мына сілтеме арқылы толығырақ танысыңыз.
Дереккөз: bnews.kz