Мамырда еліміздегілер "Қазақстан бірлігі" күнін, "Отан қорғаушылар" күнін және "Жеңіс" күнін атап өтеді. Бұл айда жалпы 11 күн демалыс бар.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айдағы жұмыс күні – 20. 1 мамырда қазақстандықтар "Бірлік" күнін, 7 мамырда "Отан қорғаушылар" күнін, 9 мамырда "Жеңіс" күнін тойлайды. Алдағы мерекелерге байланысты сенбідегі яғни 4 мамырдағы демалыс күні 10 мамыр, жұмаға ауыстырылады.
Жалпы, Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 жылы барлығы 119 күн демалады.