Ретро-Алматы топтамасы

Ретро-Алматы топтамасы

Алматының бұрынырақта қандай болғанын білесіз бе?

Горький атындағы Орталық саябақ:

Адамдардың аздығы, бұрынғы кемелер, телефон будкасы, бәрі-бәрі ата-аналарымыздың, аға-әпкелеріміздің жастық шағындағы Алматының бейнесін беріп тұр.

70-жылдарының студенттерінің Медеуде түскен суреті.

Абай даңғылының бойындағы АХАЖ, безендірілген көліктер мен қалыңдықты көріп тұрмыз. Бұл кісілер бүгінде немере сүйіп отырған болар, кім біледі?

Жазғы цирк, демалыс кезі. Бұл заманда балалар цирк өнерін қызықтауға баруға мүмкіндіктері болды ма екен?

Сол кездің саудасы алма сатуда еді. Бұл заманда Алматы қаласы апорт атауымен тығыз байланысты еді.

Таныдыңыз ба бұл жерді? Кәдімгі арбат! Шамамен 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басы болуы керек.

Бұл көшені ғаламтордан оқымағанда тану мүмкін емес екен. Достық көшесі назарларыңызда, ағайын! Сол заманның көліктері екінің бірінде жоқ еді. Тек пысық, бай, байланыстары бар кісілердің көлік алуға қолы жететін еді.

Халықаралық әуежай мен 20 ғасырдың әуежайының арасы жер мен көктей.

Шамамен орталық базар, яғни әйгілі "көк базар" болуы керек. Жердің тазалығына назар аударыңыздар, расымен де Алматы кезінде таза қала болғаны ма?

КазГУ-дың Физфагы. Студент жолдастар мен сол заманның көлігі осы суреттің тарихынан хабар беріп тұр.

Мына Медеу мен қазіргі Медеуді салыстыруға келмейтін секілді. Атай берсең өзгерістер саны шектен шығатыны сөзсіз. 

Орталық стадион, 1973 жыл. 

Аты шулы Абай даңғылы. Бүгінде бұл көшеде жалғыз көліктің кетіп бара жатқанын көретін кез бар ма?

Міне, нағыз "жасыл қала". Қазіргінің биік таудан асқан ғимараттары жоқ бұл қала бейне бір орман секілді. Ағаштардың қоршауындағы бұл Алматы сізге ұнайды ма?

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі