- Негізгі бет
- Көзайым
- Алматы қаласының тамаша...
Алматы қаласының тамаша көріністері
Оңтүстік астанамыздың тұрғындарының түсірген Алматы және қала сыртындағы мекендерінің тамаша суреттер топтамасын ұсынамыз!
Таулы, көлді аймақтардың көріністері көздің жауын алады.
Хан Тәңіріне барып көрдіңіз бе? Бұл суретке қарап, осы жерге жол тартуға ынта пайда болады.
Алматының тауларына не жетсін!
Горький атындағы Орталық саябақтағы күзгі көрініс. Нағыз романтиктердің мекені десе болады.
"Нұрлы Тау" ғимаратына фотографтың өзіндік көзқарасының туындысы
Қысқы әл-Фараби көшесіндегі көліктер қозғалысы мен заманауи қаланың белгілері.
Қаланың шығыс жолының мынадай әдемі көрінісін Алматы қаласының тұрғыны суретке түсірген екен.
Қаламыздың мақтан тұтатын жерлері − "Қазақстан" қонақжайы мен Республика сарайы.
Түнгі Алматы − топтаманың ең әсем көріністерінің бірі.
Сурет: vk.com/almalife
Ф. Абилова