Қостанайдағы Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.

Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
    Президенті                                                                                        Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым № 29