Конс­титу­цияның 25 жылды­ғына орай мере­ке­лік медаль тағайын­далды

Конс­титу­цияның 25 жылды­ғына орай мере­ке­лік медаль тағайын­далды
Фото: Kazakh TV

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен Конс­титу­цияның 25 жылды­ғы құр­метіне арналған мере­ке­лік медаль тағайын­далды.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мере­ке­лік медаль тағайын­далғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің

 2020 жылғы 8 ақпандағы

№ 261  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН 

"Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы

"Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) белгіден және тағаннан тұрады. Мерекелік медальдың белгісі алтын түстес жезден жасалады, диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер болады.

Мерекелік медальдың беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін, ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан ашылған кітаптың бейнесі жасалған. Кітаптың астында көгілдір эмальмен құйылған "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан. Аверстің барлық реңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес эмальмен құйылған. Шеңбердің ішінде аверстің шетін бойлай "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА" деген жазу бар. Аверстің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы әрі жылтырақ.

Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғасады. Таған ені 32 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған. Лентаның ортасында ені 8 мм сары жолақ өтеді. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.

 
А. Рысдәулет