"Қазгидромет" РМК 17-19 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен республиканың оңтүстігінде күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Күндіз термометрдің бағаны 25…30°С дейін, кей жерлерде 35°С-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де таралады. Кей жерлерде жаңбыр жаууына қарамастан, күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы +20…28°С-қа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.
Тек, батыс облыстарда Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа температурасы төмендеуі мүмкін.