- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Қазақстанның тұтас жаңғыруының...
Қазақстанның тұтас жаңғыруының 100 қадамы
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылуды мақсат тұтып, сол жолда қарқынды көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспары” да осы белесті бағындыру үшін жасалған жоба.
100 нақты қадамның айқындалуы негізінде Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Ол Жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретін болады. Жаңғыру үдерісінің белгілі біл аймақ немесе салада ғана жүзеге аспай, барлық Қазақстанды тұтас қамтуын мақсат еткен Елбасы барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан қарқынды қызмет етуді талап етілетінін айтады. Жаһандық деңгейдегі жетістікке жетіп, мәңгілік ел ретінде тарих сахнасынан түспеу үшін алғашқы 100 қадамды жасау жолы аса жоғары маңызға ие.
Тәуелсіз еліміздің өмір жолында бұдан да үлкен қияндықтарды бағындырып келген ұлт үшін бұл жоспарды жүзеге асыру сынақ болмасы анық. Біздің бәріміз жаңғырудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болады, тәртіп сақталуы да шешуші рөл атқарады.
Ұлтымыздың өрлеу дәуірінде осы жоспарды орындай отырып, Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдер жоқ емес. Олардың жарқын тәжірибелерін зерттей отырып экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының ең табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде аламыз.
Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем.
А. Оралқызы