ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері ЖӘЖМ-2 жаяу әскердің, БТР-80 броньды транспортеры және КЖБС көп нысаналы жеңіл броньдалған сүйретпенің механик-жүргізушілері және жүргізушілерімен практикалық сабақ өткізді.
Қазақстандық десантшылар техникада су бөгеттерінен өтуді пысықтады. Практикалық іс-қимылдар арнайы жабдықталған су қоймасында өтті. Оның тереңдігі 4,5 метрді құрайды.
Әскери техниканың жүзбелі қозғалысының бірқатар айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар. Суда машинаны тізгіндеу кезінде барлығы «бөгеліп» іске асырылады. Яғни, құрлықпен салыстырғанда, машина бірден бағына қоймайды. Әскери қызметшіге басқару тетігінің (рөлдің) қалай жұмыс жасайтынын сезіну қажет.
Оқу жаттықтырудың мақсаты жеке құрамға су кедергілерін бұзып өтуге қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау бойынша жұмыстар тізбесіне оқытып-үйрету, судан машиналарды көшіру тәсілдерін көрсету, су бөгеттерін бұзып өту, сондай-ақ, машиналардан көшіру кезінде қауіпсіздік шараларын зерделеу болып табылады.
Сабақтарға 61993, 18404, 32363, 12740, 29108 әскери бөлімдерінен 400-ге жуық әскери қызметші тартылды.
Мұндай жаттығулар ҚР Қарулы Күштерінде күн сайын жылына бір рет өтетінін айта кетейік.