- Негізгі бет
- Қазақстанда жасалған
- Сәттілігіңді сына да,...
Сәттілігіңді сына да, миллионер атан
Cәттілік - серігім дейтін жандар үшін керемет жаңалық! Қазақстанда «Бақытты 7» және «Алтын» деп аталатын лотереяларды ойнату басталды. Ұйымдастырушы — еліміздің аумағындағы лотереялардың бірыңғай операторы - «Сәтті жұлдыз» компаниясы.
«Сәтті жұлдыз» АҚ және жаңа лоторея туралы айтпай тұрып, еліміздегі ойын бизнесі және лоторея қызметін үйлестіру жайында аз-кем ақпарат бере кеткен жөн. Елімізде бірегей «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заң бар. Осы Заң аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен «Сәтті Жұлдыз» АҚ бірыңғай лотерея операторы болып айқындалды. 2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын еліміздегі спорттың дамуына бөлетін болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (лотерея қызметінің саласында уәкілетті орган) 2017 жылғы 2 наурызда «Сәтті Жұлдыз» АҚ-мен танысу кездесуді өткізді. Оның барысында лотерея операторы саладағы ең үздік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда лотереяның дамуына өз жобаларын ұсынды. Осы жоба негізінде қыркүйек айынан бастап елімізде «Бақытты 7» және «Алтын» деп аталатын лотереяларды ойнату басталды.
Лотереяларды жалпы тиражы — 2 миллион 100 мың билет. Олардың 450 мыңнан астамы ұтысты билеттер. Яғни әрбір 4-5-ші билеттің жүлдесі бар. Енді әр қазақстандық бір сәтте 2 миллион теңгеге қалтасын қалыңдата алады. Ал лотереяның жалпы сыйлық қоры 468 миллион теңгені құрайды.
«Бақытты 7» билеттері 300 теңге тұрады. Ал «Алтын» лотереясының билеттері - 500 теңге. Оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, «Қазпошта» бөлімшелерінен, «Мега» сауда ойын-сауық орталықтар желісінен және «Magnum Cash & Carry» филиалдарынан сатып алуға болады. Сатылым FLEXsys ақпаратық жүйесі арқылы жасалады. Ол жүйе қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді, әлемдік стандарттар мен Дүниежүзілік лотереялар қауымдастығының талаптарына 100 пайыз сәйкес келеді. «Бақытты 7» және «Алтын» лотереясының билеттері мен ойнатылуы жайлы толығырақ ресми сайтынан да қарауға болады.
- Лотериялық есеп Орталығы құрылып, қолданысқа енгені жайлы хабардармыз. Бұл Орталық шынайы уақытта сатылған лотерея билеттері туралы мәліметтерді көруге, олардан түскен түсімді саралауға, сый қорындағы жинақты білуге әрі қазақстандықтарға төленген жеңіс құны туралы білуге мүмкіндік береді. Бұл ақпараттар тұңғыш рет мемлекеттік органдарға беріледі. Яғни ҚР мемлекеттік кіріс комитеті мен ҚР спорт және мәдениет министрлігі бұл саланың негізгі бақылаушылары болмақ,– дейді «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның пиар-директоры Нұркен Халықберген Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
- Барлық билеттер компьютер жүйесі арқылы сатылады. Сіз сол мезетте билетті сатып аласыз, ол сауда терминалына тіркеледі. Сауда терминалы орталық серверге ақпарат жеткізеді. Орталық сервер болса, бұл ақпаратпен ҚР салық қызметімен және ҚР спорт және мәдениет министрлігімен бөліседі. Кейін сауда терминалына билет туралы мәлімет келеді. Мемлекет Қазақстан бойынша сатылған әр билетті көре алады. Сатылымнан түскен қаржының жартысы сый қорының жасақталуына кетеді. Сәйкесінше қаншалықты салық керек екендігін билік біліп отырады. Жаңа заң негізінде, жинақталған қордың 10 пайызы спортты дамытуға жұмсалады. «Сәтті Жұлдыз» АҚ бұл пайыз мөлшерін өз еркімен 15-ке арттырды. Сонымен қатар, барлық ұтыс кездейсоқ сандар генераторы арқылы жүзеге асады. Лотерея билеттерінің өндірісі Scientific Games корпорациясына қарасты, Лидс (Ұлыбритания) қаласындағы тәуелсіз лотерея билеттерінің фабрикасында іске асуда. Ұтыс комбинациясы роботтар арқылы жазылып, билет туралы ақпарат шифрленеді және ешкім қосылуға ммүкіндік алмайтын компьютер жүйесінде сақталады. Зауыт қызметкерлері, лотерея операторлары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқайсысы бұл ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Мұндай жолмен лотереялар жұмыс істейтін елдер қатарына АҚШ, Жапония мен Еуропа мен Аиия елдері енеді, – деп сөзін жалғады.
Лотереяны құрастырушылардың пайымдауынша қауіпсіздіктің ең үздік белгілері: басып шығару технологиясы, қағаз қолданысы мен бояулар. Сонымен қатар QR–кодының болуы - үлкен жетістік. QR – код сатушыға ұтыстың дәлдігін тексеріп, билеттің жалған болуынан сақтайды.
- Қорғаныш қабатында, ойын ақпаратынан бөлек, QR – код бар. Орталық сервер код туралы мәліметтерді тексерістен өткізіп, ұтыс комбинациясын тексереді. Осыдан соң сауда терминалы билет шынымен ұтысқа ие екендігі туралы ақпаратты растайды, – деп пікірлерін білдірді «Сәтті Жұлдыз» компаниясы.
«Сәтті жұлдыз» АҚ-ның стратегиялық серіктесі - лотереяны ұйымдастыру саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялар Scientific Games International Inc (АҚШ) және Fastrak Retail (UK) Ltd (Ұлыбритания). Америкалық компанияның лоторея саласында 40 жылдам астам тарихы бар. Олар әлем бойынша лотереяны құру және дамыту бойынша қызметтің бар кешенін ұсынып келеді.
О. Сансызбай