«Қара алтын» бітсе, «ақ мұнай» бар

«Қара алтын» бітсе, «ақ мұнай» бар
Фото: Вконтакте

Қазақстан сыртқы нарық арқылы шикізат өндірумен, алыс-жақын елге шығару көзімен ішкі экономиканы жасақтап отыр. Сарапшылардың пікірінше алдағы уақытта мұнай бағасы төмендеп, елдің жағдайы қиындауы мүмкін. Басты себеп электрлі көліктердің пайда болуы. Дегенмен сарапшылардың алаңдатып келген сұрағына Елбасы өз жауабын берді:

«Бүгінде әлем бойынша сирек кездесетін металдардың негізінде жаңа технологиялар жасалады. Аталған процесс барған сайын күшейе түседі. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы «литий» атты сирек кездесетін металға деген сұраныс үш есеге артып, әлем бойынша 550 мың тоннаға дейін жетеді. Сол себепті литийді «ақ мұнай» деп атап кеткен. Қазақстанда сирек кездесетін металдардың түр-түрі бар. Литий де жоқ емес». 

Сонымен тағы бір  алтын көзі несімен құнды? 

Литий – күміс тәрізді ақ металл. Әлемде экономикасының ең көп бөлігін осы литий өндірісімен қамтамасыз етіп отырған елдер: Аргентина, Боливия және Чили. Аталған елдер «ақ мұнай» өндіріп пайда табудан көш басында тұр. 

«Ақ мұнайдың» нарықтағы бағасы грамына 300-500 теңгені көрсетіп тұр. 

М. Ақан