Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды

Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды
Фото: almaty.all.biz

Қазақстандық Дубайдағы Millennium Millionaire лотереясында миллион доллар ұтып алды. Ұтыс ойынын Dubai Duty Free салықсыз сауда дүкені өткізген.

Лотерея 2015 жылдың 25 тамызында өтті. Бұл  лотерея өткізу тарихында Омар Самаликов  жеңімпаз болған бірінші қазақстандық екен. Ол лотереяның 198-ші тиражында ұтқан. Нөмірі 0529 деген билет Dubai Duty Free ресми сайтынан 1000 дирхемге (278 доллар) сатып алынады. Қазақстандық ұтыс ойыны рәсіміне қатыспапты.

Millennium Millionaire лотереясында люкс автомобильдері ойнатылғаны хабарланды. Мәселен, Ирак тұрғыны Porsche Panamera ұтып алды, ал Сауд Арабиясынан келген қонақ Ducati Streetfighter 848 спорткарын ұтты.

Айта кетейік, Dubai Duty Free өткізетін лотерея бір реттік акция ретінде миллиениум қарсаңында басталған. Бірақ кейін оны дәстүрлі түрде өткізіп отыру туралы шешім шығарылыпты.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Н. Нұрмаханұлы