- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Қазақстанда төтенше жағдай...
Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі ұзартылды
Фото:
vk.com
Қазақстанда ТЖ мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы мемлекет басшысының мәлімдемесінде айтылды.
"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады", - деді Тоқаев мәлімдемесінде.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылғаны хабарланған еді.
Т. Раушанұлы