Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді

Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін, сондай-ақ елдің жетістіктері мен азаматтарына қолдау көрсету үшін мемлекеттік туды ғимараттар мен балкондарға ілуге ресми түрде рұқсат етілді.

Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған жарлықта былай делінген: "ҚР Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, елдің бірлігін білдіру, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату, ілу) алады".

Қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 2012 жылы Петропавл қаласының тұрғыны туды шымылдықтың орнына қолданған. Сол жылы Атырау қаласының тұрғынына автокөліктің капотына Қазақстан туын байлап, қаланы аралап шыққаны үшін 323 600 теңге айыппұл салынды.

2015 жылдың ақпанында елорда тұрғындарына балконға ілінген ту үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Содан кейін ер адам туды іліп қою патриотизмді көрсету дәстүрі екенін және ол мұны Геннадий Головкиннің кезекті жеңісін қолдау екенін түсіндірген.

Т. Раушанұлы