Қазақстанда жаңа мереке атап өтіледі

Қазақстанда жаңа мереке атап өтіледі
Фото: Ернар Алмабек

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен архивші күні белгіленді.

Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Құжат еліміздің премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:

«48. Архивші күні – 22 желтоқсан».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                   А. Мамин

 

Н. Үсенова