Синоптиктер Қазақстанда 19-21 қыркүйек күндері қандай ауа райы болатынына болжам жасады.
Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Иран аймағынан келе жатқан жылы ауа массалары Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында температураның жоғарылауына себепші болады. Аталған өңірлерде алдағы үш тәулікте жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы болады, күндізгі ауа температурасы 23…30°С, оңтүстікте плюс 30…35°С-қа дейін жоғарылайды.
Республиканың батыс және солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.