Қазақстан Үкіметі бизнесті дамытуға 600 миллиард теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі бизнесті дамытуға 600 миллиард теңге бөледі
Фото: metamarketing.ru

Сенаторлар палатасы "тендерлер есебінен өмір сүретін" нәтижесіз бизнестен мемлекетті арашалауды талап етіп жатыр. Бұл мәселе пленарлық отырыста сөз болды.

"Қазіргі уақытта елімізде кәсіппен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторды сатып алу мен игеру секторында ғана айналысады. Бұл бизнестің 70% бөлігі тендерлер есебінен өмір сүреді деген сөз. Яғни жартысынан көбі мемлекеттің мойнында отыр. Экономикада мемлекеттік сектордың үлесі тым көп. Мұны бәрі жақсы түсінеді", – деді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мемлекеттің бұл жағдайды жақсы білетінін және нақты шаралар жоспары бар екеніне сендірді. Мәселен, 2020 жылға дейін мемлекеттік пен квазимемлекеттік сектор бойынша экономикадағы мемлекеттің үлесін 15% -ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.

"Жоспар бойынша 1 желтоқсаннан бастап бизнесті қолдауға 600 миллиард теңге жұмсалмақ. Оның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуға – 100 миллиард теңге, өнеркәсіпке – 300 миллиард теңге және ауыл шаруашылығына -200 миллиард теңге. Барлық процесс банктік несиелер арқылы жүзеге асырылатын болады", – деді премьер-министр орынбасары Ерболат Досаев. 

Massaget.kz