Қазақстан Қырғызстанға бензин экспортын бастайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевмәлімдеді. Қырғызстанға бензин экспортының мәселесі 2-3 аптада шешіледі.Қазақстан экспортқа қатысты тиісті құжаттарды, келісімшарттарды әзірлеп, Қырғызстанға жіберді. Осы аптада менің орынбасарым немесе департамент басшысы Қырғызстанға барып, келіссөз жүргізеді. Бензин кезең-кезеңімен, шамамен 10 мың тоннадан жөнелтіліп отырады, деді ведомство басшысы. Қанат Бозымбаев сондай-ақжанармай экспортқа шығарылғаннан кейін, ішкі нарықтағы бензин бағасы жазда литріне 200 теңгеге жетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазір АИ-92 бензинінің бағасы өңірлерде 150-155 теңге шамасында.Ал жылдың басында 160-165 теңге болған еді. Демек, бір литрі 10 теңгеге арзандаған. Елімізе қазір үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, бензин артығымен өндіріліп жатыр. Егер бензинді экспортқа шығатын болсақ, онда оны кезең-кезеңімен, квотамен жөнелтеміз, деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.