- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Қазақстан Германиямен құқықтық...
Қазақстан Германиямен құқықтық ынтымақтастық орнатты
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру негізінде 18-20 шілде күндері құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі, Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастамасымен Қазақстанның құқық қорғау органдарынан тұратын делегациясы Германия Федеративтік Республикасына іс-сапармен барды.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарында мамандарды дайындау және іріктеу, федералдық және жер полициясы арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, қылмыстық жазалау жүйесін зерттеу бойынша Германияның құқық қорғау саласындағы мамандардың тәжірибелерімен танысу.
Аталған шара «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 29-қадамына сәйкес іске асып жатыр: "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу". Сондай-ақ стратегиялық жоспардың 28-қадамының (Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу) негізі де аталған іс-сапардың мақсатына кіреді.
Тәжірибе алмасудың ресми бөлігінде Сыртқы істер министрлігі мен Германияның федералдық Ішкі істер министрлігінің, аймақтық полиция органдары және пенитенциарлық жүйе, сондай-ақ Төменгі Саксониялық полиция академиясы басшылығымен кездесулер өткізілді. Келіссөз бен іс-шаралар нәтижесі қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және олардың қаржылай ризалығы, құқық қорғау қызметінің мәртебесі мен тиімділікті арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ескерілетін болады. Сапар соңында Нұрлан Ермекбаев Бремендегі «Rheinmetall group» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорнында болды, онда өндірілетін әскери өнімдердің үлгілері мен кәсіпорынның жоспары таныстырылды.
Massaget.kz