«Оралман» фильмi Еуразия кинофестивалiнiң бас жүлдесiн жеңiп алды

«Оралман»  фильмi Еуразия кинофестивалiнiң бас жүлдесiн  жеңiп алды
Фото: qazaquni.kz

Кеше Астанада XIII ХІІІ халықаралық «Еуразия» кинофестивалi өз мәресiне жеттi. 6 күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбековтің "Оралман" фильмі жеңіп алды. Жүлдені қазылар алқасының төрағасы Сүлейман Сиссе мен халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева табыс етті.

Аталған фестивалге барлығы 296 туынды қатысқан. «Үздiк ер адам бейнесi» аталымы бойынша Әзербайжанның «Гранатовый сад» фильмiнiң актерi Гурбан Исмаилов жеңiске жеттi. «Үздiк әйел рөлi» аталымына «Моя счастливая семья» фильмiнде ойнаған грузиялық актриса Ия Шугашвили ие болды.Сондай-ақ Вьетнам елiнiң «Путевая станция» фильмi мен «Гранатовый сад» фильмi қазылар алқасының арнайы сыйлығын иелендi. Қырғызстандық «Кентавр» фильмiнiң режиссерi Актан Арым Кубат «Үздiк режиссерлiк жұмыс» аталымында көш бастады. 

Ал, шараға барлығы 200-ден астам қонақ келді. Олардың қатарында Николас Кейдж, Эдирен Броуди мен Джон Малкович сияқты Голливуд жұлдыздары да бар. Қысқа метражды фильмдердiң iшiнде бас жүлденi қазақстандық «Ит» фильм жеңiп алды. Қазылар алқасының арнайы дипломымен қырғызстандық «Заплыв» фильмi марапатталды. «Хабар» арнасының нұсқасы бойынша үздiк фильм - «Еще один день» фильмi атанды. 

Айта кетелік, "Оралман" фильмі биылғы сәуір айында Иранда өткен халықаралық "Фаджр" кинофестивалінде "Азияның үздік фильмі" жүлдесін иеленген.

Ж. Жұмағұлов