Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақфильм / Ақан Сатаев Томирис жайлы фильм түсіреді

Ақан Сатаев Томирис жайлы фильм түсіреді

Ақан Сатаев Томирис жайлы фильм түсіреді

Танымал режиссер Ақан Сатаев  массагеттер патшайымы Томирис туралы тарихи фильм түсіруі мүмкін екенін айтты. Бұл жөнінде ол ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

"Биыл біз Спорт және Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып "Томирис" тарихи фильмінің өндірісін бастауды жоспарлап отырмыз. Сақ патшайымының бастан кешкен оқиғасы елімізде ғана емес, шет елдерде де қызығушылыққа ие болатынына сенімдімін. Томирис – әлем тарихына зор ықпал еткен тұлға. Киносатылымның ауқымын кеңейту үшін осындай тың дүниелер жасауға ұмтылуымыз керек деп ойлаймын. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделі өсуіне септігімізді тигізер едік. Отандық кинематографистердің негізгі міндеті – сапалы әрі бүкіл әлем көрермендерін қызықтыратын фильмдер түсіру",– деді режиссер.

Оның айтуынша, бүгінде фильмнің синопсисі дайын. Бірақ қаржы мәселесі әлі шешілмеген. Алайда, режиссер түсіру жұмыстарын осы жылдан қалдырмай бастауды мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, массагеттерді билеген Томирис патшайым жайлы ежелден жеткен дерек көп. Солардың бірінде Томиристің Ахменидтер әулетінен шыққан Ұлы Кир II-нің жорығын тойтарып, парсы патшасын өлтіргені жайлы айтылады. Ақан Сатаевтың фильміне осы оқиға арқау болуы ықтимал.

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Yernar Almabek
Фото: http://lady.webnice.ru
Қосылған күні: 22 ақпан 2017, 14:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.