Біржан сал

Біржан сал
Фото: tamyr.org

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Біржан сал» туындысы 2009 жылы жарыққа шықты. Фильмге қазақтың әйгілі әншісі, ақын һәм сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы арқау болған.

Түсірілімдер Біржанның туған жері – Көкшетау өңірінде өткізілген.  Фильмнің түсiру жұмыстары екi жарым айға созылып, 587 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сценарий 2004 жылы жазылған. Идея авторы, түсiрушiсi, басты рөлдi сомдаушы – Досқан Жолжақсынов.

"Біржан сал" көркем фильмі әнші - композитордың өмірдегі махабатты мен ғадауатын, сал - серілік салтанаты мен байдың итаршыларынан көрген қорлығын, әншінің ішке біткен бітеу жарасын көрсеткен.

Н. Айдархан