- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Жылыту маусымы қашан...
Жылыту маусымы қашан басталады?
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жылудың қашан берілетінін айтты.
"Қазақстанда жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін - шамамен 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін – 15 қазанда басталады. Және әлеуметтік инфрақұрылым үшін – 25 сәуірде, тұрғын үйлер үшін – 15 сәуірде тоқтатылады. Бірақ бұл – қатып қалған қағида емес", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мамандар ауа райының өзгеруіне қарай шешім қабылдайды.
"Температуралық параметрлерге сүйенеміз. Үш-бес күн бойы ауа температурасы +8 +10 градусқа дейін төмендесе, жылу берілуі тиіс. Сәуір айында да үш-бес күн аралығында ауа райы +8 +10 градустан әрі қарай жылыса, жылу беру тоқтатылады", - деді Қ. Өскенбаев.
Т. Раушанұлы