Эксперимент: Алматылықтар көшеде тіл білмейтін шетелдікке көмектесе ме?

Эксперимент: Алматылықтар көшеде тіл білмейтін шетелдікке көмектесе ме?
Фото: tengrinews.kz

TengrinewsTV редакциясы алматылықтардың көшеде шетелдіктерге қаншалықты көмек қолын соза алатынын тексеріп көрді. Конрад Хенкель мен Элизабет Крюгер есімді студенттерге Алматыға келгендеріне жарты жыл болды және олар орыс тілінде жақсы, ал қазақ тілінде аз ғана сөйлей алады. Бірақ эксперимент бойынша олар Қазақстанға енді ғана келген әрі тіл білмейтін адамдай көшедегілерден белгілі бір мекен-жайды сұрастырады. 

Конрад пен Лиза көшедегілерден өз тілдерінде белгілі бір мекен-жай мен ақша айырбастап беруді сұрайды. Эксперимент екі күн ішінде қаланың бес жерінде түсірілді. Көмек қолын созғысы келген алматылықтардың тіл білмеуі кедергі болды. Алайда олар шетелдіктерге ым-ишарамен көмектесуге тырысты.

С. Ерсін