Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді

Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді. Бұйрық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі.

"Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына – "Qazaq radiosy" радиостанциясының бас редакторына, ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Көпжасарұлы Ерқанатқа – "31 арна" телерадиокомпаниясының тілшісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Мягких Оксана Вячеславовнаға – "Индустриальная Караганда" газетінің бас редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге үлес қосқаны үшін;

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқаны үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Байтарова Сәния Бақытқызына – "Жетісу" телеарнасының редакторына, өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына – "Almaty" телерадиокомпаниясының арнайы техника операторына, еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;

Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына – "Хабар 24" телеарнасының жүргізушісіне, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына – "Baigenews.kz" ақпарат агенттігінің тілшісіне, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

"Adyrna" ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

"Ashyq alań" қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;

"Astana" радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

"Вечерняя Астана" қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын", - делінген құжатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

G. Dosymshalova