- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорған әкімінің атыс...
Талдықорған әкімінің атыс ұйымдастыруы Желіде қызу талқыға түсті
Бейсенбіде әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осылайша, әкім БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтауды жөн көрген екен. Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, нысанға атудан жарыс ұйымдастырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео жергілікті Instagram-топтарда тарап, талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек екенін айтқан.
Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі өкілі жазбаға қатысты пікір білдірген.
Ж. Қадыржанова"Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сынайтындай ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім сонда барып, жергілікті журналистер мен блогерлерді құттықтады. Атыс арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар БАҚ-тың рухын, командалық күшін көтеру үшін қажет деп ойлаймын", - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілі.